Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі
ХАБАРЛАНДЫРУ
«Мақат ауданы әкімінің аппараты» ММ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу» №4 үлгілік базалық бағытын іске асыру шеңберінде Мақат кенті, Қ.Сәтпаев көшесі, 1 мекенжайында орналасқан аудан әкімдігінің ғимаратында 2024 жылғы қызметіне 2025 жылдың 24 сәуір – 23 мамыр аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетінін хабарлайды.