Мақат ауданында бейбіт жиналыстарды өткізу туралы

 

 

 

2020 жылғы 30 қыркүйегі

№ 404-VI шешіміне қосымша

 

Мақат ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және

 өткізу үшін арнайы орындар, арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормаларын, арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге жол берілмеген объектілердің

іргелес аумақтарының шекаралары

 

  1. Мақат ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету және олардың шекті толу нормалары:

 

№

р/с

Арнайы орындар

Арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету

Шекті толу нормасы

1

Мақат кенті,

А. Жұмашева көшесі,

«Болашақ» шағын ауданының

 5 үйінен бастап

№80/1 үйіне дейін

1) жасанды жарықтандыру;

2) электр энергиясын қосуға

арналған нүкте;

3) 40 тұрақ орындары

(1 кіру,1 шығу);

 

 

250 адамнан астам емес

2

Мақат кенті

«Парасат» бөлімшесінде

орналасқан

«Жеңіс саябағы»

1) жасанды жарықтандыру;

2) электр энергиясын қосуға арналған нүкте;

3) 20 тұрақ орындары

 (1 кіру,1 шығу);

 

250 адамнан астам емес

 

  1. Мақат ауданы әкімдігінің өкілі хабарламаны (пикеттеу, жиналыс және митинг нысанында бейбіт жиналыстар өткізу үшін) немесе өтінішті (демонстрация және шеру нысанында бейбіт жиналыстар өткізу үшін) оң қараған кезде бейбіт жиналысты ұйымдастырушымен бірлесіп, іс-шараны өткізу тәртібін келісу үшін бір күн ішінде арнайы өткізу орнына келесідей сұрақтармен барады:
  • бейбіт жиналыстарды өткізу орнының материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етілуімен танысу;
  • шеру және демонстрация маршрутымен танысу үшін.
  1. Бейбіт жиналыс өткізілетін күні ұйымдастырушылар және оның қатысушылары Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының (бұдан әрі - Заң)                        5 және 6-баптарының талаптарын сақтауы қажет.
  2. Заңның 9-бабының 5-тармағында көзделген объектілердің іргелес аумақтарынан кемінде 150 метр арақашықтық шекарамен айқындалсын.

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 05.10.2020

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 4746 болып енгізілді

 

Мақат ауданында бейбіт жиналыстарды өткізу туралы
Дата публикации
06 ноября 2020