«Мақат аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша талдамалық
АНЫҚТАМА
9 маусым 2025 жыл
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары Мақат аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының 2025 жылғы 28 сәуірдегі №47 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығы негізінде жүргізілді.
Талдау кезеңі: 2025 жылдың қаңтар-мамыр айы аралығы.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: 6 мамыр-6 маусым аралығы.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдаудың мәні:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: 6 мамыр-6 маусым аралығы.
Талдау кезеңі: 2025 жылдың қаңтар-маусым айы аралығы.
«Мақат аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, Атырау облысы, Мақат ауданы, Мақат кенті, С.Мұқашев көшесі 36.
Мақат аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітілген. Бөлімде штат саны бойынша 5 мемлекеттік қызметкер, 5 азаматтық қызметшілер бар.
Мүдделер қақтығысын реттеу
Бөлімде мүдделер қақтығысы жоқ
Мақат аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы №117 «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына, Қазақстан Республикасы Еңбе және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 25.03.2021 жылғы №84 «Әлеуметтік-еңбк саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №283 «Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдармен мүгедектігі бар балаларға санаторийлік-курорттық емдеуді ұсыну қағидаларын бекіту туралы бұйрығына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.06.2023 жылғы №286 «Мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес есту кемеістігі бар мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тулу маманының қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №287 «Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, оларды ауыстыру мерзімдерін қоса алғанда, қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.06.2023 жылғы №288 «Мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшісінің қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №197 «Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 31.07.2024 жылғы №288 «Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 123 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрығы.
Бөлімде 16 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді.
- «Тұрғын үй көмегін тағайындау»;
- «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу»
- «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау»;
- «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру»;
- «Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру және ұзарту»;
- «Мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етугеқұжаттарды ресімдеу»;
- «Мүгедектерді техникалық қосымша (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу»;
- «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу»;
- «Есту кемістігі бар мүгедектерді ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз етуге мүгедектерге құжаттарды ресімдеу»;
- «Мүгедектерді жүріп-тұрудың арнайы құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу»;
- «Мүгедектерді және мүгедек-балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу»
- «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу»;
- «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу»;
- Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу;
- Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеу;
- Ақталған адамға куәлік беру.
2025 жылдың қаңтар-мамыр айында 504 мемлекеттік қызмет көрсетіліп, сыбайлас жемқорлық тәуекелділік анықталмады.
2022 жылдың 16 мамыр айынан бастап «Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметіді көрсетіліп келеді.
ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы №158 бұйрығына сәйкес еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар берілген салық төлеушілер туралы мәліметті бөлім арқылы берілуде. Адайда аталған бұйрыққа өзгеріс енгізілмеген, яғни еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар берілген салық төлеушілер туралы мәліметті ішкі істер органы арқылы салық органына беріледі деп көрсетілген.
Бөлімнің әлеуметтік желілерінде мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақпараттар үнемі жариялануда.
4.Рұқсат беру функцияларын іске асыру
Мақат аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде рұқсат беру функциялары жоқ.
Көрсетілген мерзім ішінде, яғни 2025 жылдың қаңтар-мамыр айында бөлімге жеке және заңды тұлғалардан 4 өтініш түсіп, ҚР Заңына сәйкес жауаптары мерзімінде берілді.
Мақат аудандық кәсіпкерлік және ауылшарушалығы бөлімінде Қазақстан Респуликасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Заңының талаптары қатаң сақталады.
7.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудан туындайтын өзгеде мәселелер
Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын сыни материалдар жарияланған жоқ.
Мекеме ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы тақырыбында ақпараттық стендтер, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі орналыстырылған.
Бөлімге келіп түскен арыз-шағымдарды тіркейтін журнал жасақталып, сенім телефоны 3-02-99 бекітілген.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің қорытындылары
І. Кіріспе
ІІ. Ақпараттық – талдамалық бөлім
Мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілетірінің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындауының себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштері.
ІІІ. Қорытынды бөлім
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субьектілері қабылдаған сыбайлас жемқорлыққа қармы шараларды жақсарту бойынша ұсынымдар: