«Мақат аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша 2025 жылдың 5 айы бойынша талдамалық
Анықтама
29.05.2025 ж.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары Мақат аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының 2025 жылғы 22 сәуірдегі № 10 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығы негізінде жүргізілді.
Талдау кезеңі: 2025 жылдың қаңтар- мамыр айы аралығы.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдау жүргізу кезеңі: 2025 жылдың 29 сәуір -29 мамыр аралығы.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдаудың мәні:
Талдау кезеңі: 2025 жылдың қаңтар- мамыр айы аралығы.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдау жүргізу кезеңі: 2025 жылдың 29 сәуір -29 мамыр аралығы.
«Мақат аудандық экономика және қаржы бөлімі» ММ Атырау облысы, Мақат ауданы, Мақат кенті, Қ.Сатпаев көшесі, 1 ғимараты.
Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысыу
Мақат аудандық экономика және қаржы бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітілген. Бөлімде штат саны бойынша 5 мемлекеттік қызметкер, 2 азаматтық қызметшілер бар. Қазіргі уақытта бос лауазымдық орын жоқ.
Бөлімде мүдделер қақтығысы жоқ
Мақат аудандық экономика және қаржы бөлімі Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген келесідей мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді.
Әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңбаның (бұдан әрі – ЭЦҚ) көмегімен немесе бір реттік парольмен куәландырылған otbasybank.kz/programm-bank Баспана Маркет жылжымайтын мүлік Порталда тіркеуді жүзеге асырады
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) портал арқылы – 6 жұмыс күні;
2025 жылдың 5 айында мемлекеттік қызмет көрсетуге 16 өтініш түсті. Сыбайлас жемқорлық тәуекелділік анықталмады.
Бөлім тарапынан әлеуметтік сала мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын көрсету жөніндегі ақпараттық-үгіттеу насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында аудандық экономика және қаржы бөлімде «Дипломмен ауылға!» стенд орналасқан, Фейсбук интернет сайтына 5 мақала және жергілікті «Мақат тынысы» газет беттеріне 1 мақала жарияланды.
Бөлімнің әлеуметтік желілерінде мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақпараттар үнемі жариялануда.
Мақат аудандық экономика және қаржы бөлімінде рұқсат беру функциялары жоқ.
Көрсетілген мерзім ішінде, яғни 2025 жылдың 5 айында бөлімге жеке және заңды тұлғалардан 16 өтініш түсті.
Мақат аудандық экономика және қаржы бөлімінде Қазақстан Республикасы Президентінің 29.12.2015 ж. №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Заңының талаптары қатаң сақталады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдер туындайтын мәселелер жоқ.
Мекеме ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы тақырыбында ақпараттық стендтер, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі орналыстырылған.
Бөлімге келіп түскен арыз-шағымдарды тіркейтін журнал жасақталып, сенім телефоны 3-00-14 бекітілген.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің қорытындылары
І. Кіріспе
ІІ. Ақпараттық – талдамалық бөлім
Мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілетірінің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындауының себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштері.
ІІІ. Қорытынды бөлім
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субьектілері қабылдаған сыбайлас жемқорлыққа қармы шараларды жақсарту бойынша ұсынымдар:
Бөлім басшысы С.Сарбалиева