«Мақат аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін аудан әкімдігінің 2017 жылғы 19 қазандағы №191 қаулысымен бекітілген, Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Бөлімнің штат саны 4, азаматтық қызметшілер 8.
Мекеменің орналасқан жері Мақат кенті, ағайынды Мұнайшы Телішевтер көшесі, 140 ғимарат.
Бөлімнің мақсаты ауданның кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығын дамытудың мемлекеттің бағдарламаларын орындауды қамтамасыз ету.
Ауданда 2020 жылдың 9 айында 1416 шағын бизнес субъектілері тіркелді, Оның ішінде 95 заңды тұлға, 47 шаруа қожалығы, 1274 жеке кәсіпкер.
2020 жылдың 1 шілде жағдайына шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандар саны 1 886 адам, шығарылған өнім көлемі 5 млрд. 256 млн. теңге.
Аудан бойынша 6 шағын бизнес нысаны ашылды. Яғни, жаңадан, 4 азық-түлік дүкен, 2 мини-маркет іске қосылды. Осы нысанды іске қосу арқылы 9 адам тұрақты жұмысқа қабылданды. Құрылыстың жалпы алаңы 856,0 шаршы метрді құрайды.
Қазіргі таңда Мемлекеттік бағдарламалар арқылы 83 жоба мақұлданып 301 млн. 300 мың теңге көлемінде несие берілді. Оларға тоқтала кетер болсақ:
- "Бизнестің жол картасы 2025" бизнесті дамытудың бірыңғай бағдарламасы бойынша 5 жобаға 185 млн. теңге қаржылай қолдау көрсетілді.
Мемлекеттік грант 1 жоба (макарон өнімдері) - 2 млн. теңге.
- "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған " бағдарламасы бойынша 15 жобаға 56 млн. 480 мың теңге.
Мемлекеттік грант 59 жоба (әр қайсысы 555 600 теңге) - 32 млн. 780 мың 400 теңге.
- «Бизнес аймақ» бағдарламасы бойынша 3 жобаға 25,0 млн.теңге.
Ауданда меншіктің барлық түрлеріндегі шаруашылық 246,4 тонна ет, 617,5 тонна сүт және 20,4 мың дана жұмыртка өндірілді.
Шаруашылықтың барлық меншік түрі бойынша 7918 мал бағылуда. Оның ішінде: мүйізді ірі қара мал – 1680 бас, қой мен ешкі – 4084 бас, жылқы – 1554 бас, түйе - 600 бас.
2020 жылы 11 шаруа қожалық күн сәулесімен қуаттанатын батарея алып, инвестициялық субсидия құжаттарын табыс етілді.
ЖК «Әдемі» 1 бұқаға 150,0 мың теңге субсидия алды.