«Магистральдық Суағызғысы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

«Магистральдық Суағызғысы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінежер учаскесінеқауымдықсервитут белгілеу туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабының5-1-тармақшасына және 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан РеспубликасыЗаңының 31-бабынасәйкес, Мақат ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Магистральдық Суағызғысы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Мақат ауданы аумағындағы «Қашаған» газ кешенді дайындау қондырғысы «Астрахань-Маңғышлақ» суағызғысыныңжелілік бөлігін және ондағы инфрақұрылым объектілерінің санитарлық күзет аймағын «Астрахань-Маңғышлақ» суағызғысы осінен 20 метрден белгілей отырып пайдалану және қызмет көрсету үшінжалпы ауданы 116,44 га жер телімін жер пайдаланушылардан және меншік иелерінен жер учаскелерін алып қоймастан, шектеулі нысаналы пайдалану құқығымен 49 (қырық тоғыз) жылға қауымдық сервитут белгіленсін.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау осы салаға жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
  3. Осы қаулының алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудан әкімі                                                                                     А.Мамбетов

 

 

 

 

«Магистральдық Суағызғысы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы
Дата публикации
07 апреля 2025