Аудан әкімдігі қаулысының жобасы
Мемлекет мұқтажы үшін жер
учаскесін мәжбүрлеп иеліктен
шығарудың басталуы туралы
Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 17,81,84-баптары, «Қазақстан Республикасындағы жерілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31,37-баптары, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 63-бабына және Доссор кенті әкімінің 2024 жылғы 04 қыркүйектегі №06-08-12-02-6/1025 хаты және Доссор кенті бойынша қоғамдастық жиналысының 2024 жылғы 29 тамыздағы №18 хаттамасы негізінде, Мақат ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Балабақша салу жоспарлануына байланысты, Доссор кенті, Рамазан Төлешқалиев көшесі, 4-үй мекенжайында орналасқан, Атырау қаласының тұрғыны Молдашев Ануарбектің меншігіндегі, кадастрлық нөмері 04-064-004-202, ауданы 1,4260 гектар, 1241,2 шаршы метр ғимаратты жер учаскесімен бірге мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
- Жер учаскесінің жеке меншік иесіне мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы жазбаша хабарлама алған сәттен бастап «Мақат аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне келісу рәсімдерін жүргізу үшін хабарласу ұсынылсын.
- Аталған жер учаскесінің мәжбүрлеп иеліктен шығару күні 2025 жылғы 3 қаңтар болып белгіленсін.
- «Мақат аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдау тапсырылсын.
- «Мақат аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қаулыны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
- Қаулының орындалуын қадағалау осы салаға жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасары Б.Жайкинге жүктелсін.
Аудан әкімі