Мақат ауданы бойынша 2024 жылдың ІV - тоқсанына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну үшін қажетті мамандар тізбесін бекіту туралы

Мақат ауданы бойынша

2024 жылдың ІV - тоқсанына

әлеуметтiк қолдау

шараларын ұсыну үшін

қажетті мамандар тізбесін

бекіту туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы                          6 қарашадағы №72 «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, аудан әкімдігі  ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

  1. Мақат ауданы бойынша 2024 жылдың ІV - тоқсанына ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну үшін қажетті мамандар тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Аудан әкімдігінің 2023 жылғы 15 желтоқсандағы №190 «Мақат ауданы бойынша 2024 жылға әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну үшін қажетті мамандар тізбесін бекіту туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау осы салаға жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасары Е.Ермағамбетовке жүктелсін.

 

 

Аудан әкімі                                                                                            А.Мамбетов

 

Мақат ауданы бойынша 2024 жылдың ІV - тоқсанына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну үшін қажетті мамандар тізбесін бекіту туралы
Дата публикации
27 сентября 2024