2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған Республикалық референдумды ұйымдастыру, дайындық жұмыстары бойынша Мақат аудандық аумақтық референдум комиссиясының отырысы өтті.
Аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Р.Мақсотов республикалық референдумға дайындық, ұйымдастыру жұмыстарына, учаскелік референдум комиссияларының мүшелерін оқыту мәселелеріне тоқталды.
Комиссия хатшысы М.Уәли республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын таныстырып, атқарылатын жұмыстарға тоқталды. Комиссия төрағасының орынбасары М.Қайратов республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімдерімен жұмысты ұйымдастыру туралы, комиссия мүшесі Ж.Тажибаев республикалық референдумды өткізу кезінде мүгедектіктігі бар адамдар үшін жағдайларды қамтамасыз ету мәселелерін баяндады.