Мақат ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 7 тамыздағы № 116 «Мақат ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Мақат ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Мақат ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 7 тамыздағы № 116 «Мақат ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5073-06 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы, осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Мақат ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Мақат ауданының әкімі
|
|
Р. Ибрагимов
|