Мақат ауданының 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері және 2024 жылға алда тұрған міндеттері
Өнеркәсіп саласы
Өнеркәсіп саласы бойынша өндірілген өнімнің көлемі 66 млрд 220 млн теңге болып (2022 жылы-90 862 млн.теңге), нақты көлем индексі 93,3 пайызды құрады.
(Ауданның ірі компаниялары «Ембамұнайгаз» АҚ, «Алтиес Петролеум Интернейшнл Б.В.» АҚ, «Манаш Петролеум» ЖШС, «Эмбамұнай» ЖШС, «Таңдай Петролеум» ЖШС өндірілетін мұнайдың және газдың көлемдері жылдан-жылға азаю салдарынан өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі азаюда).
Инвестиция
Негізгі капиталға жұмсалған инвестицияның көлемі 211 млрд 311 млн теңгені құрап, нақты көлем индексі 94,4% пайызды құрады (2022 ж-223 808 млн.теңге).
(Аудан бойынша 1 - инвест статистикалық есепті тапсыратын барлығы 125 мекеме, оның ішінде ірі мекеме НКОК компаниясының үлесі 80 пайызды, «Эмбамұнайгаз» АҚ үлесі 4 пайызды, «УМГ» Атырау» АҚ филиалы 9,3 пайызды құраса. Қалған «Вест Дала» ЖШС, «Доссор-Сервис» ЖШС, «Гарант Строй 2008» ЖШС, «Пероретейл» ЖШС, «GPS INVESTMEN» ЖШС, «Дивитэл» ЖШС, «5 А Ойл» ЖШС, «Эмбамұнай» ЖШС, Алтиес Петролеум Интернейшнл Б.В.» АҚ т.б. мекемелер үлесі 1 пайыздан төмен).
Бюджет және салықтық түсімдер
Жергілікті бюджетке түсетін түсімдер 2 млрд 568 млн теңгеге жоспарланып (2022 ж-2 млрд 425 млн.теңге), нақты түсім 3 млрд 277 млн теңгені құрап (2022 ж-2 млрд 730 млн.теңге), жоспар 126,0 пайызға орындалды.
Ауыл шаруашылығы саласы
Өткен жылмен салыстырғанда мүйізді ірі қара 2 605-ке жетіп, +367 басқа (2022ж-2 238), түйе 736-ға жетіп, +70 басқа өссе (2022ж-666), қой-ешкі 5 823 болып, -105 басқа (2022ж-5 928), жылқы 2 499 болып, -18 басқа (2,9%) азайып отыр (2021ж-2 517).
772 тн. ет, 1 670 тн. сүт өндірілді.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 1 млрд 800 млн 600 мың теңге болып, өткен жылмен салыстырғанда 100,1 пайызды құрады.
Ауыл шаруашылығы бойынша барлығы 2 жоба мақұлданып 4 млн 940 мың теңге субсидия берілді (1 жоба мал шаруашылығы субсидия 2,0 млн.теңге және 1 жоба инвестициялық субсидия 2,940 млн.теңге).
«Ауыл Аманаты» жобасы бойынша 8 жоба мақұлданып 63 млн теңге несие берілді (3 мал шаруашылығы, 4 техника, 1 сұлулық салон).
«Шелс» компаниясының қолдауымен жылыжай салу бағытында 5 жоба мақұлданып 12 млн теңге көлемінде қаражат берілді.
Биылғы жылға қажетті 9 000 мың тонна мал азығы дайындалып, жоспар 100 пайызға орындалды.
Автомобиль жолдарын жаңғырту бағытында
Доссор кентіндегі 24 шақырымды құрайтын автокөлік жолдарының құрылысы 2021 жылы тамыз айында басталып, 2023 жылы құрылысы аяқталып, аудандағы кентішілік жолдардың қанағаттанарлық жағдайы 65 пайызға жетті.
Мақат кентіне 24 шақырым автокөлік жолының құрылысы басталды. Аталған жоба аяқталған жағдайда, аудандағы кентішілік қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 81 пайызды құрайтын болады.
Сонымен қатар, қазіргі таңда 2 жоба жасақталып, сараптамадан өткізілуде.
Атап айтсақ:
1) Доссор кентінен 32,7 шақырым автокөлік жолы. Аталған жоба аясында Доссор кентінің барлық қалып қойған автокөлік жолдары 100 пайыз қамтылады (Жобалаушы «Стримлайн» ЖШС-і).
2) Мақат кентіндегі және Байгетөбе ауылындағы 11,4 шақырым автокөлік жолдарын және 13,8 шақырым жаяу жүргінші жолдарын қайта жаңғырту жобасы (су ағарымен бірге).
Жобаға сәйкесғ Мақат кентіндегі Азаттық, Алаш, Телішевтер көшесіндегі автокөлік жолдары кеңейтіліп, велодорошка және жаяу жүргінші жолдары салынатын болады.
Сонымен қатар, Байгетөбе ауылдық округіне қарасты НПС ауылы, 402 бекет ауылдарының көшелеріне автокөлік жолын салу қарастырылған (Жобалаушы «САЛА» ЖШС-і).
Жоғарыда аталған жобалар алдағы 3 жылда жүзеге асқан жағдайда, 2027 жылға дейін Мақат ауданының елді-мекендерін 100 пайыз асфальт жолмен қамтамасыз етілетін болады.
2023 жылы аудан елді-мекендеріндегі мектептердің, балабақшалардың, ойын алаңдарының, спорт мектептерінің тұсындағы жол учаскелеріне «Жаяу жүргінші өткелі», «Балалар»,
«Ең жоғарғы жылдамдықты шектеу (40)», «Жасанды бұдыр» және жаяу жүргінші өткелінің екі жағынан жасанды бұдыр қойылды.
Сонымен қатар, Доссор кентінде 32 жол учаскесінде, Мақат кентінде 53 жол учаскесінде жаяу жүргінші өткелдері жаңартылды.
Барлығы 474 дана жол белігісі жаңартылып, 225 жол учаскесіне 1 280 метр жасанды бұдыр орнатылды.
Ауыз сумен қамту
Ағымдағы жылы Мақат кентіндегі №1,2,3,4 ауыз су резервуарлары күрделі жөндеуден өтетін болады. Қазіргі уақытта жоба жасақталып, сараптамадан өтуде.
Одан бөлек, Доссор кентіне жер асты сумен жабдықтау станциясының 3 су қазаны (әр резервуар 3000 м3) құрылысына жоба жасақталуда.
Көгілдір отынмен қамту
Ауданның көгілдір отынмен қамтылу көрсеткіші 99,2 пайызды құрайды (Ескене елді мекені ғана газбен қамтылмады).
Ағымдағы жылы Бәйгетөбе ауылдық округіне қарасты 377 бекетке газ құбыры тартылып, пайдалануға берілді.
Электр желісімен қамту бағытында
Доссор кентіне инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым (ИКИ) өткеліне электр, газ және су желілері құрылысы 2022 жылы басталған болатын, ағымдағы жылы пайдалануға беріледі (қаржысы 2 394,9 млн теңге, барлығы: 565 жер учаскесі, су 42,0 км, газ 23,7 км, электр желісі 45,0 км).
Байгетөбе ауылдық округіндегі №402 (ПМС) инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым (ИКИ) өткеліне электр, газ және су желілері құрылысы 2022 жылы басталды, ағымдағы жылы пайдалануға беріледі (қаржысы 690,6 млн теңге, барлығы: 340 жер учаскесі, су 16,4 км, газ 18,2 км, электр желісі 30,0 км).
Доссор кентіндегі 3 қатарлы 60 пәтерлі тұрғын үйге сыртқы инженерлік желілерінің құрылысы 2022 басталды, ағымдағы жылы аяқталады деп жоспарлануда.
Мақат кентіндегі екі 3 қатарлы 60 пәтерлі тұрғын үйге сыртқы инженерлік желілерінің құрылысы 2021 басталды, ағымдағы жылы аяқталады деп жоспарлануда.
Мақат кентіндегі көше жарығының құрылысы және қайта жаңарту жұмыстары 2022 жылы басталды, ағымдағы жылы пайдалануға беріледі.
Доссор кенті көшелерін жарықтандыру құрылысы және қайта жаңарту жұмыстары өткен жылы басталып, жалғасуда.
Бәйгетөбе ауылдық округіне көше жарығы құрылысына жоба жасақталуда.
Аудан аумағындағы «Атырау Жарық» мекемесіне қарасты тоқ желілерінің тозығы жетуіне байланысты ағымдағы жылы Мақат кентіндегі 6,2 шақырым және Доссор кентіндегі 4,5 шақырым тоқ желілері оқшауланған (сип) кабелдеріне ауыстырылады.
Сонымен қатар, Мақат кентіндегі Ктп 20/3, Доссор кентіндегі Ктп 4/27, 5/7 жаңа 250 ква трансформаторына ауыстырылады.
Тұрғын үймен қамту бағытында
ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес, азаматтарды тұрғын үй кезегіне тіркеу 6 санат бойынша жүзеге асырылуда (тұрғын үй кезегінде 783).
2023 жылы Мақат және Доссор кентінен 2 пәтерлі 7 тұрғын үй халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары үшін сатып алынып, ағымдағы жылдың қаңтар айында Доссор кентіндегі 2 пәтерлі 4 тұрғын үй табысталса, Мақат кентіндегі 2 пәтерлі 3 тұрғын үй наурыз айында табысталатын болады.
Қазіргі таңда жалғыз тұрғын үйі апатты деп танылған азаматтар санатында 100 азамат тіркелген.
Ағымдағы жылы аудандағы апатты тұрғын үйлердің мәселесін шешу мақсатында 2 пәтерлі 40 тұрғын үй салып, сатып алуға облыстық бюджеттен 1 млрд. 600 млн теңге бөлінді. Нәтижесінде жалғыз тұрғын үйі апатты деп танылған 80 азамат тұрғын үймен қамтылатын болады.
2022 жылдың қазан айында басталған Мақат кентінде орналасқан 12 көпқабатты тұрғын үйдің (С.Мұқашев көшесі 80/8, 80/7, 80/5, 35а, 18/2,18/6 үйлері; С.Бекжанов көшесі 13А,13б,13г,13в үйлері; Мұнайшы газеті көшесі 12/1, 12/3 үйлері) шатырлары мен қасбеттерін күрделі жөндеу жұмыстарын ағымдағы жылдың шілде айында аяқтау жоспарланып отыр.
Бұдан бөлек, 29 дана көп қабатты үйлердің төбе шатырларын және қасбеттерін күрделі жөндеуге жоба жасақталып, сараптамадан өткізілуде.
Атап айтсақ:
1) Доссор кентіндегі М.Өтемісұлы көшесіндегі 16 үйлік деп аталатын 11 үй және Ә.Мантаев көшесіндегі 27 үйлік деп аталатын 5 үй;
2) Мақат кенті, С.Мұқашев және С.Әлиев көшелеріндегі 80/3, 80/4, 80/,6, КПД деп аталатын 8 үй және Мұнайшы газеті көшесіндегі 18/1, 18/2 тұрғын үйлердің шатырлары және қас беттеріне күрделі жөндеу.
Ағымдағы жылы, Доссор кентінен НКОК компаниясының демеушілігімен 3 қатарлы 60 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталды (мердігер «СамалНефтьСтрой» ЖШС-мен) .
Абаттандыру және көгалдандыру
Биылғы жылы аудан орталығындағы «Болашақ» және «Газшылар» ықшам ауданындағы аллеяларды қайта жаңартудан өткізуге облыстық бюджеттен қаржы сұратылды.
Одан бөлек, Мақат кентінен "Мақат кенті" манументінің құрылысы мен оны абаттандыру және "Қазақстан Республикасы Рәміздер алаңын" орталық алаңға салу құрылысы жоспарлануда.
Сонымен қатар, жаңадан орталық алаңды және С.Мұқашев көшесіне парк салу мақсатында демеушілікпен жоба жасақталып, сараптамадан оң қорытынды алынды (құны 1 млр 040 млн 662 мың тг).
Мақат және Доссор кентеріндегі вокзал перрондарының құрылысы ағымдағы жылы жалғасын тауып, шілде айының соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.
Бұдан бөлек жоспарымызға сәйкес, Мақат кентіндегі 4 дана кәріз айдау станцияларына күрделі жөндеу жұмысына жоба жасақталып, сараптамадан өтуде.
Ауданның елді-мекендеріндегі 54 жол учаскесіне автобус аялдамалары, 115 дана қоқыс алаңшалары салынып, күрделі жөндеуден өтеді.
Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы
Шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы субъектілер саны 1888-ды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 1,5 пайызға артты (Олардың 85 заңды тұлғалар, 115 шаруа қожалықтар, 1688 дара кәсіпкерлер).
2023 жылы 4 кәсіпкерлік нысан ашылды (1 қонақ үй, кафе, кемпинг, 3 азық-түлік дүкені).
Шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандар саны 2 931 адамды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 15,9 пайызға өсіп, шығарылған өнім көлемі 8 млрд. 482 млн. теңгені болып, 98,5 пайызды құрады.
Өткен жылы мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде 46 жоба мақұлданып, 527 млн 700 мың теңгенің несие қаражатын алды.
Атап айтсақ:
«Ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы шеңберінде 11 жобаға 209 млн 800 мың теңгенің несие қаражаты;
Несиенің сыйақы мөлшерін субсидиялау бойынша 6 жобаға 159 млн 100 мың теңге, ішінара кепілдендіру сомасы бойынша 3 жобаға 85 млн теңге несие және 40 млн теңге кепілдеме қаражаты;
2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде 15 жобаға 20 млн 700 мың теңгенің грант қаражаты;
21-35 жас аралығыдағы кәсіпкерлерге 2,5 пайызбен 11 жобаға 53 млн 100 мың теңгенің несие қаражаты берілді.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру саласы
Ағымдағы жылы 1 275 адам жұмыспен қамту шараларына тартылып, 747 адам тұрақты жұмысқа орналасты.
Кәсіпкерлік негізде 165 адам оқытылып, 15 адамға 20 700,0 мың теңге мемлекеттік гранты берілді.
Әлеуметтік жұмыс орындарына 49 адам жұмысқа жіберілді.
Жастар практикасымен 122 адам мамандығы бойынша тәжірибе жинақтау үшін жұмысқа орналасты.
Алғашқы жұмыс орны жобасы бойынша 21 адам жұмысқа тартылды.
Күміс жас жобасы бойынша 52 адам, ұрпақтар келісімшарты бойынша 2 адам жұмысқа жіберілді.
Қоғамдық жұмысқа 282 адам алынды.
Өткен жылы 53 отбасындағы 277 алушыға 18 014 468 теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.
Мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс
Ауданда 1 037 мүмкіндігі шектеулі жан бар (оның I топ-80, II топ-293, III топ-436, ал бала жасынан мүгедек балалар-228).
Өткен жылы 36 мүмкіндігі шектеулі жан жұмыспен қамту шараларымен қамтылды
(Тұрақты жұмысқа - 14, ақылы қоғамдық жұмысқа-8, грант-2, жастар тәжірибесімен-3, алғашқы жұмыс орнына-2, күміс жас жобасына-2, «Бастау-бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға - 4).
Аудандағы мүмкіндігі шектеулі жандарға 2 Инватакси қызмет көрсетуде.
Көмекші техникалық құралдармен 460 адам қамтамасыз етілсе, 218 адам санаторлық-курорттық емдеуге жіберілді.
Жеке көмекші қызметіне мұқтаж 27 мүмкіндігі шектеулі жан толықтай қамтылды.
Білім саласы
Ауданның білім беру саласында 9 мектеп, 10 балабақша және 3 қосымша білім беру мекемелері жұмыс жасайды.
Аудан бойынша 1-6 жас аралығында балалардың мектепке дейінгі ұйымдармен қамтылу көрсеткіші 70,9 пайыз, 3-6 жас аралығындағы балаларды қамту 100 пайызды құрайды.
2022-2023 оқу жылын 1-11 сыныптарда барлығы 6 095 оқушымен аяқтады. Білім сапасы 57,0 пайыз болып, өткен жылмен салыстырғанда 1,1 пайызға өсті.
Жаңа 2023-2024 оқу жылында аудан мектептеріне 6 088 оқушы, ал мектеп алды даярлық топтарына 602 бала қабылданды.
Аудандағы 3 қосымша білім беру ұйымдарында 1 583 бала білім алуда. Аталлған ұйымдарда, 17 үйірме, 17 секция жұмыс жасауда.
Жыл ішінде 48 оқушы облыстық, 127 оқушы республикалық және 125 оқушы халықаралық байқауларға қатынастырылып, жүлделі орындарға ие болды.
Өткен жылы Мақат кентіндегі М.Баймұханов атындағы орта мектеп пен Доссор кентіндегі А.Құнанбаев атындағы орта мектеп модернизациядан өтті.
Ағымдағы жылы №2 бастауыш мектеп, Л.Шахатов, Х.Санбаев атындағы орта мектептер және С.Шарипов атындағы Доссор мектеп интернаты модернизациядан өтеді.
Сонымен қатар, аудандық мектептерге химия, физика және қыздар мен ұлдарға арналған еңбек кабинеттеріне қажетті жабдықтар сатып алу жоспарлануда.
Одан бөлек, О.Сарғұнанов, Б.Қанатбаев, А.Құнанбаев және М.Баймұханов атындағы орта мектептерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында жоба дайындалуда.
«НКОК» компаниясының демеушілімен Мақат кентіндегі №2 бастауыш мектепке 250 орындық жапсарлас ғимарат салу бойынша жоба жасақталды (жобаға түзету енгізілуде).
Мақат кентінен 160 орындық 2 балабақша (Мақат кенті Мұнайшы газетіне 60 жыл ықшам ауданынан 160 орындық балабақша құрылысы), (Мақат кенті Береке ықшам ауданынан (3 ауыл) 160 орындық балабақша) құрылысына жобалау-сметалық құжаттамасының мерзімі өтуіне байланысты жоба қайта жасақталуда.
Денсаулық сақтау саласы
Аудан тұрғындарына 2 аурухана, 1 емхана, 1 дәрігерлік амбулатория қызмет көрсетеді.
Өткен жылы 4 дәрігер, яғни 1 бала хирургі, 2 жалпы практика дәрігері (екеуі де жас маман) және инфекционист дәрігер жұмысқа орналасты.
Дегенмен, әлі де болса денсаулық сақтау саласындағы негізгі проблемалық мәселе кадр тапшылығы болып отыр.
Ауданда 8 дәрігер жетіспейді.
Отолоринголог, травматолог, неонатолог, уролог, эндокринолог және 3 жалпы тәжірибе дәрігерлері.
2023 жылы ауданның денсаулық сақтау саласы 2 жаңа автокөлікпен толықты.
Сондай-ақ, медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру мен халыққа уақытылы медициналық көмек көрсету мақсатында «Компьютерлік томография» және флюорография жабдығымен қамтамасыз етуге сұраныс берілді.
Инфекциялық аурухана ғимаратын күрделі жөндеуден өткізіп, оңалту орталығына айналдыру жоспарлануда.
Әлеуметтік инвестициялық жобалар бағдарламасы шеңберінде НКОК компаниясының демеушілігімен Мақат, Доссор кенттеріне аурухана ғимараттарын салу жоспарлануда.
2023 жылы туберкулез ауруымен жаңадан 18 адам есепке алынып, өткен жылмен салыстырғанда 4 адамға өсті.
13 595 адам (107,0%) жоспарлы флюорографиялық тексерістен өтті.
Мәдениет саласы
Аудан бойынша 12 мәдени мекеме халыққа қызмет көрсетеді (2 мәдениет үйі, 9 кітапхана, 1 мұражай).
2023 жылы 131 мәдени шара ұйымдастырылып, 51 577 көрермен қамтылды.
Өткен жылы 2 кітапханаға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді (№9 Мақат кітапханасының жылу жүйесі ауыстырылды және №3 Доссор кітапханасының ғимараты әктеліп, сырланды).
Сонымен қатар, Мақат мәдениет үйі мен №2 аудандық балалар кітапханасын күрделі жөндеуден өткізуге жоба жасақталды (ЖСҚ құны- 11,840 млн.тг).
Ағымдағы жылы Доссор мәдениет үйі мен №2 аудандық балалар кітапханасын күрделі жөндеуден өткізу үшін жоба жасақталады. Қажетті қаражат бөлінді (Доссор м/ү-10 млн теңге, №2 аудандық балалар кітапханасына-29 млн теңге).
Одан бөлек, Мақат кентінен мұражай мен кітапхана салу жоспарлануда (жері дайын).
Спорт саласы
Ауданда 58 спорт нысаны жұмыс жасауда (3 жабық спорт кешені, 21 орта мектептердің спорт залы,33 спорттық алағ 1 атқыштар тирі).
Өткен жылы аудан бойынша 115 (5 республикалық, 5 аймақтық, 25 облыстық, 80 аудандық) бұқаралық-спорттық шаралар ұйымдастырылып, оған 5 628 спортшы қатынасты.
Ауданның спортшылары мен командалары 60 республикалық және облыстық жарыстарға қатынастырылып, 3 Әлем чемпионатының жүлдегері, 1 Әлемдік универсиада жүлдегері және 450 спортшы халықаралық, республикалық, облыстық жарыстардың жүлдегерлері атанды.
Өткен жылы Мақат балалар-жасөспірімдер спорт мектебі ғимаратына қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, 1 спорт залы мен үлкен футбол алаңы пайдалануға берілді.
Бәйгетөбе ауылынан 4 балалар ойын алаңшасының құрылысына жоба жасақталып, мемлекеттік сараптамадан өтіп, құрылысына конкурс жарияланды.
Доссор кентіндегі Мұнай және газ колледжі аймағына волейбол, баскетбол алаңдарымен қоса 1 000 орындық ашық футбол алаңы бар дене шынықтыру-сауықтыру кешені құрылысы жобасына түзету енгізу жұмыстары жүргізілуде.
Құрылыс жұмыстарының аяқталу мерзімі 2025 жылға жоспарланған.
Осы жылы Мақат кентінен көпсалалы спорт залы салынатын болады. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарын жүргізетін мердігер мекеме анықталды (СК NEW CITY, құны 1 млрд 904 млн 703 мың тг).
Сондай-ақ, Бәйгетөбе ауылдық округінен спорт кешенін салу үшін жоба жасақталып, сараптаманың оң қорытындысын алды (1 млр 076 млн 685 мың теңге қаржы бөлуді қажет етеді).
Доссор кентінен төрт балалар алаңшалары мен спорт алаңшаларын және әмбебап спорттық ойын алаңы құрылысы өткен жылы басталды, осы жылы пайдалануға беріледі.
Құрылысы өткен жылы басталған Бәйгетөбе ауылындағы 3 балалар ойын алаңының құрылысы биылғы жылы аяқталып, пайдалануға беріледі.
Мақат кентінен бассейн құрылысына жоба жасақталып, НКОК компаниясының демеушілігімен салу жоспарлануда.
Бұдан бөлек, Доссор кентіндегі спорт кешенінің құрылысына жоба жасақталуда.
Аталған дайын жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.
Жастар саясаты
Ауданда 10 207 жас бар және олардың қатынасуымен 105 іс-шара өткізілді.
«Жасыл Ел» еңбек жасағына 173 жас жұмысқа тартылды.
Өткен жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен 2 маман тұрғын үймен қамтылса (10 млн теңге), 6 маманға әлеуметтік көтерме ақы берілді (2 млн теңге).
Үкіметтік емес ұйымдар
Ауданда 13 үкіметтік емес ұйым жұмыс жасайды.
Оның ішінде, бірлестіктер-7, қоғамдық қор-5, жеке қор-1.
2023 жыл әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 6 шараға 22 млн 384 мың теңге бөлінді.
Құқық қорғау саласы
2023 жылы аудан көлемінде 89 қылмыстық істер тіркеліп (2022 жылы-85), өткен жылға қарағанда 4 қылмысқа өсіп отыр (аса ауыр-0, ауыр-22, ауырлығы орташа-54, онша ауыр емес қылмыс-13).
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мен қылмысты азайту мақсатында кенттер мен ауылдық округ көшелеріне 532 бейне бақылау камераларын орнату үшін жоба жасақталып, сараптамадан өтуде (Мақат-300, Доссор-200, Бәйгетөбе-32).
Мақат және Доссор кенттерінен учаскелік полиция пунктін салу үшін жоба жасақталды.
Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің ғимараты күрделі жөндеуден өткізілетін болады.