«Мақат аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша
2024 жылдың І-ші тоқсаны бойынша талдамалық
АНЫҚТАМА
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары Мақат аудандық құрылыс бөлімі басшысының 2024 жылғы 12 сәуірдегі №34-1 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығы негізінде жүргізілді.
Талдау кезеңі: 2024 жылдың қаңтар-наурыз айы аралығы.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: 19 сәуір мен 14 мамыр аралығы.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдаудың мәні:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: 19 сәуір мен 14 мамыр аралығы.
Талдау кезеңі: 2024 жылдың қаңтар-наурыз айы аралығы.
«Мақат аудандық құрылыс бөлімі» ММ, Атырау облысы, Мақат ауданы, Мақат кенті, Қ.Сәтпаев көшесі 3а ғимараты.
Мақат аудандық құрылыс бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітілген. Бөлімде штат саны бойынша 3 мемлекеттік қызметкер (басшы, 2 бас маман), 3 азаматтық қызметшілер бар (есепші, заңгер, автокөлік жүргізушісі).
Бөлімде мүдделер қақтығысы жоқ
Мақат аудандық құрылыс бөлімі өз қызметін Мақат ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 05 наурыздағы №41 қаулысымен бекітілген «Мақат аудандық құрылыс бөлімі туралы Ережесіне» сәйкес жүзеге асырады.
4.Рұқсат беру функцияларын іске асыру
Мақат аудандық құрылыс бөлімінде рұқсат беру функциялары жоқ.
Көрсетілген мерзім ішінде, яғни 2024 жылдың қаңтар-сәуір айларында бөлімге жеке және заңды тұлғалардан 4 өтініш түсіп, ҚР Заңына сәйкес жауаптары мерзімінде берілді.
Ашық есік күні тұрғындар бөлімнің қызметімен, жұмыс барысымен танысып,өздерінің толғандырған сұрақтарына заң аясында жауаптарын алды.
Мақат аудандық құрылыс бөлімінде Қазақстан Респуликасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Заңының талаптары қатаң сақталады.
7.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудан туындайтын өзгеде мәселелер
Тікелей шарт тұжырымы бірдереккөзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу негізінде «Атырау облысы, Мақат ауданы, Макат кентіндегі 3 қатарлы 60 пәтерлі тұрғын үй құрылысы» жобасы бойынша жеңімпазы болып «Дан - Строй -БаЗа -ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі танылды.
Осы шешімге сәйкес «Мақат аудандық құрылыс бөлімі» ММ (Тапсырыс беруші) және «Дан - Строй -БаЗа -ЛТД» ЖШС (Мердігер) жоғарыда көрсетілген жұмыстарды орындауға арналған 07.07.2021 жылы №35 шарт (бұдан әрі – шарт) жасасты. Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын 1-қосымшасына сәйкес, жұмыстардың аяқталу уақыты ҚМЖ басталутуралыхабарламаалғаннанбастап 9 ай ішінде деп көрсетілген.Алайда, "Атырау облысы Мемлекеттік сәулет- құрылыс бақылауы басқармасы" мемлекеттік мекемесіненKZ37REA00321952 рұқсат 09.03.2023 жылы берілген (рұқсат жалғанды). Жауапкер «Дан - Строй -БаЗа -ЛТД» ЖШС-і аталған құрылыс монтаж жұмыстарын келісім шарт бойынша тиісті деңгейде және уақытылы аяқтамағандықтан (жұмыстың орындау мерзімі 31.12.2023 жылы). 31.12.2023 жылы орындау мерзімі өтіп кеткен.Шарттың орындалмаған суммасы 291 989 590тенге
Сол себепті, 21.02.2024 жылы Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына Жауапкерден 12 555 552,37 тенге тұрақсыздық айыбын өндіруі талап арыз жолданған болатын. Атырау облысының мамандаедырылған ауданаралық экономикалық сотының 2024 жылғы 22 сәуірдегі шешімімен талап арыз толықтай қанағаттандырылды.
Бөлім қызметкерлерінңі қызметтік нұсқаулары мен еңбек шарттарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл үшін дербес жауаптылық белгілене отырып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ атты жадынамалар ілінген.
Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын сыни материалдар жарияланған жоқ.
Мекеме ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы тақырыбында ақпараттық стендтер, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі орналыстырылған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің қорытындылары
І. Кіріспе
ІІ. Ақпараттық – талдамалық бөлім
Мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілетірінің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындауының себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштері.
ІІІ. Тәуекел
Мемлекеттік сатып алу туралы 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V Қазақстан РеспубликасыЗаңының 22-бабының 2 тармағы мен мемлекеттік сатып алу жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығының 174 тармағының бір-біріне қайшылығы тәуекел тудырады.
ІV. Қорытынды бөлім
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субьектілері қабылдаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жақсарту бойынша ұсынымдар:
Мақат аудандық құрылыс
бөлімінің басшысы А.Кадыров