«Мақат аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша 2024 жылдың І-ші тоқсаны бойынша талдамалық АНЫҚТАМА

«Мақат аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша

2024 жылдың І-ші тоқсаны бойынша талдамалық

АНЫҚТАМА

                                                                                                17 мамыр 2024 жыл

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары Мақат аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының 2024 жылғы 11 сәуірдегі №27 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау  жүргізу туралы» бұйрығы негізінде жүргізілді.

            Талдау кезеңі: 2024 жылдың қаңтар-наурыз айы аралығы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі:                        19 сәуір-14 мамыр аралығы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдаудың мәні:

  1. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы;
  2. Мүдделер қақтығысын реттеу;
  3. Мемлекеттік қызмет көрсету;
  4. Рұқсат беру функцияларын іске асыру;
  5. Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
  6. Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының сақталуы;
  7. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудан туындайтын өзгеде мәселелер.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі:                        19 сәуір-14 мамыр аралығы.

Талдау кезеңі: 2024 жылдың қаңтар-наурыз айы аралығы.

«Мақат аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ, Атырау облысы, Мақат ауданы, Мақат кенті, Қ.Сәтпаев көшесі 3а ғимараты.

  1. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы

Мақат аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітілген.  Бөлімде штат саны бойынша 3 мемлекеттік қызметкер, 8 азаматтық қызметшілер бар. Қазіргі уақытта бос лауазымдық орын жоқ.

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу

Бөлімде мүдделер қақтығысы жоқ

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету

Мақат аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміҚазақстан Республикасы Ауыл шаруашылғы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы                   №4-3/267, №4-3/268, №4-3/269, №4-3/270 бұйрығымен бекітілген келесідей мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді.

- "Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру"

 

 

 

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері:

1) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал);

2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

Қызмет көрсету мерзімі 1) портал арқылы – 1 жұмыс күні;

                                                    2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы – 2 жұмыс күні.

 

 

 

- "Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру";

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

            2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

3) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал).

Қызмет көрсету мерзімі: 2 жұмыс күні;

 

-  "Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап-тексеру жүргізу";

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады (бұдан әрі – портал).

Қызмет көрсету мерзімі:  Машиналардың тікелей орналасқан жері бойынша өтінім тіркелген сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде.

Машиналар тіркеу пунктіне берілген жағдайда – өтініш тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде.

 

 

- "Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру".

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері:

1) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал);

2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі.

Қызмет көрсету мерзімі:  Тракторшы-машинист куәлігін берген кезде – жеке тұлғаның (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) құжаттары тіркелген сәттен бастап               2 (екі) жұмыс күні.

Куәлік жоғалған кезде "Телнұсқа" деген белгімен жаңа куәлік:

 

 

 

3

 

1) тұрғылықты жері бойынша тіркелген тұлғаларға осы Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттар негізінде – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдаған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде;

2) куәлік берген көрсетілетін қызметті берушінің тракторшы-машинист куәлігін беру кітабындағы жазба негізінде, көрсетілетін қызметті алушының өтініш берген орны бойынша куәлікті бергені туралы мәліметтер болмаған жағдайда – құжаттарды қабылдаған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде беріледі.

 

2024 жылдың 3 айда 19 мемлекеттік қызмет көрсетіліп, сыбайлас жемқорлық тәуекелділік анықталмады.

          Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасынан және екінші деңгейілі банк өкілдері келіп мемлекеттік бағдарламалар бойынша ауданнан жиналысқа жиналған 107 тұрғындарға, жеке кәсіпкерлерге және шаруа қожалық иегерлеріне  түсінік жұмыстарын жүргізді.

          Сонымен қатар, бөлімге келген аудан тұрғындарымен кәсіпкерлерге дара-дара түсінік жұмыстары жүргізілді.  2024  жылдың І тоқсанында 1 нысан іске қосылды.

            Бөлімнің әлеуметтік желілерінде мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақпараттар үнемі жариялануда.

  1. Рұқсат беру функцияларын іске асыру

          Мақат аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінде рұқсат беру функциялары жоқ.

  1. Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері

          Көрсетілген мерзім ішінде, яғни 2024 жылдың 3 айында бөлімге жеке және заңды тұлғалардан өтініш түспеді.  Бөлім басшысының 2024 жылғы жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдауына арналған кестесіне сәйкес 25 тұрғын қабылданып, мемлекеттік бағдарламалар түсінідірілді.

          Ағымдағы жылдың 30 сәуірі күні «Ашық әкімдік» ғимаратында ашық есік күні өтті. Ашық есік күні тұрғындар бөлімнің қызметімен, жұмыс барысымен танысып, өздерінің толғандырған сұрақтарына заң аясында жауаптарын алды.

  1. Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының сақталуы

          Мақат аудандық кәсіпкерлік және ауылшарушалығы бөлімінде Қазақстан   бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Заңының талаптары қатаң сақталады.

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудан туындайтын өзгеде мәселелер

          Сыбайлас жемқорлық тәуекелдер туындайтын мәселелер жоқ.     

 

          Мекеме ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы тақырыбында ақпараттық стендтер, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі орналыстырылған.

          Бөлімге келіп түскен арыз-шағымдарды тіркейтін журнал жасақталып, сенім телефоны 3-02-99 бекітілген.

 

 

 

4

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің қорытындылары

 

І. Кіріспе

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы монитрингтің мәні: Мақат аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы туындайтын жағдайларды анықтау.
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы монитрингі жүргізілді: «Мақат аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ Атырау облысы, Мақат ауданы, Мақат кенті, Қ.Сәтпаев көшесі 3а ғимараты, электронды пошта: makat_opp@mail.kz байланыс нөмері 8/71239/3-02-99, 7-91-31.
  3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті жүргізу кезеңі: 19 сәуір-    14 мамыр аралығы.
  4. Бақыланатын кезең: 2024 жылғы  қаңтар-наурыз айлары.

ІІ. Ақпараттық – талдамалық бөлім

Мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілетірінің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындауының себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштері.

 

ІІІ. Қорытынды бөлім

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субьектілері қабылдаған сыбайлас жемқорлыққа қармы шараларды жақсарту бойынша ұсынымдар:

  1. Мемлекеттік қызмет жұмыстарын қатаң заңдылыққа сай жүргізуге;
  2. Бөлімге келіп түскен арыз-шағымдарды мерзімінде және сапалы орындау;
  3. Бөлімде Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының талаптарын сақталуын орындау.

 

 

 

 

 

 

 

4

 

Результат антикоррупционного  мониторинга

І. Вводная часть

 

  1. Предмет антикоррупционного мониторинга: определение коррупционного риска Макатского районного отдела предпринимательства и сельского хозяйства.
  2. Антикоррупционный мониторинг проведен: ГУ «Макатский районный отдел предпринимательства и сельского хозяйства» Атырауская область, Макатский район, поселок Макат, улица К.Сатпаева здания 3а, электронная почта: makat_opp@mail.kz номер телефона 8/71239/3-02-99, 7-91-31.
  3. Период проведения антикоррупционного мониторинга: c14-по 31 июля
  4. Наблюдаемый период: І-ое полугодия 2024 года

 

ІІ. Информационна-аналитическая часть

Количественные и качественные покзатели, характеризующие состояние и причины возникновения коррупции в деятельности государственных органов, организаций субьектов квазигосударственного сектора.

 

ІІІ. Заключительная часть

Выводы: Рекомендации и предложения по улучшению принимаемых антикоррупционных мер субьектами противодействия коррупции

  1. Проведение государственных закупок и конкурсов строго в рамках законодательства.
  2. Своевременное и качественное рассмотрение обращений, поступивщих в Макатский районный отдел предпринимательства и сельского хозяйства.
  3. Соблюдение требований Кодекса этики и антикоррупционного законодательства в отделе.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Мақат аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша 2024 жылдың І-ші тоқсаны бойынша талдамалық АНЫҚТАМА
Дата публикации
21 мая 2024