ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдің 2024 жылдың бірінші айына шолу
"БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі - БЖЗҚ) enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер - Инвестициялық қызмет" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі - ИПБ) зейнетақы активтерін басқару туралы есебін ұсынады. 2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 18 107,8 млрд теңгеден асты. 2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша БЖЗҚ-ның ҚР ҰБ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері1 (бұдан әрі - ЗА) 18 073,5 млрд теңге2 болды. ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының көлемі (бұдан әрі - ЖМЗЖ) - 766,7 млн теңгеден астам мөлшерде. ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері 34,3 млрд теңгеден асты.
ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі
2024 жылғы 1 ақпандағы зейнетақы активтерін ҚРҰБ инвестициялауының негізгі бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 46,8%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 10%, ҚРҰБ депозиттері – 3,9%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 5,8%, шет мемлекеттердің МҚҰ – 2%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 1,9%. Зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель 2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша мынадай сипатқа ие: ұлттық валютадағы инвестициялар – 68,4%, АҚШ долларында – зейнетақы активтері портфелінің 31,6%. Алынған кірістің құрылымын талдаудан бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі кірістер, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша және бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер 93,4 млрд теңге, сыртқы басқарудағы активтер бойынша – 64,8 млрд теңге, өзге кірістер – 0,04 млрд теңге болды. Шетел валютасын қайта бағалау теріс болып, 45,6 млрд теңгені құрады. Зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелін құралдар, салалар және валюталар бойынша әртараптандыру есебінен 2024 жылғы қаңтар айындағы жалпы табыс оң болды.
Инвестициялық қызметтің нәтижесінде, сондай-ақ, шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы мен қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан 2024 жылдың қаңтар айында есептелген инвестициялық кіріс 112,6 млрд теңге болды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткішпен салыстырғанда 70% немесе 46,4 млрд теңгеге артық. Салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген БЖЗҚ зейнетақы активтерінің 2024 жылдың қаңтар айындағы кірістілігі 0,61% көрсетті.
___________________ [1] міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналарынан қалыптасқан 2 зейнетақы жарналары мен төлемдері шоттарындағы ақша есебінсіз
Естеріңізге сала кетейік, зейнетақы жинақтарының оң нақты (жинақталған инфляциядан асатын) кірістілігі орта және ұзақ мерзімді келешекте қамтамасыз етіледі. ҚРҰБ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы және инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында орналастырылған. Сондай-ақ, enpf.kz сайтында ЖМЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері бойынша портфель құрылымы туралы ақпарат берілген.
Инвестициялық портфельді басқарушылар
ИПБ басқаруындағы қаржының жалпы көлемі – 34,3 млрд теңге.
01.02.2024 ж. жағдай бойынша «Jusan Invest» АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 6,3 млрд теңгеден асты. Компанияның ең маңызды салымдары: ҚР ҚМ МБҚ – 42%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 21,2%, РЕПО - 12%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары - 7%, шет мемлекеттердің МБҚ – портфельдің 5,1%. Атап кетейік, портфельдің 65,75% теңгемен; 34,25% – АҚШ долларымен ұсынылған.
Инвестициялық қызметтің нәтижесінде, сондай-ақ, шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан 2024 жылдың бірінші айында есептелген инвестициялық кірістің мөлшері шамамен 26,5 млн теңгеге жетті. Зейнетақы активтерінің кірістілігі – 0,38%. "Jusan Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдары инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.
01.02.2024ж. жағдай бойынша "Halyk Global Markets" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері – 3,4 млрд теңге. Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: "кері РЕПО" (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 41%; ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 12,6%; МҚҰ облигациялары – 7,8%, шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған, мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар – 7,4%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 6,4%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 6%. Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 74,8%, АҚШ долларымен 25,2% болды. Инвестициялық қызметтің нәтижесінде 2024 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша жыл басынан есептелген инвестициялық кірістің мөлшері – 12,5 млн теңге. Зейнетақы активтерінің кірістілігі – 0,35%. "Halyk Global Markets" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында жарияланған.
01.02.2024ж. жағдай бойынша "BCC Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері – 3,5 млрд теңге. Инвестициялардың негізгі бағыттары: РЕПО – 34,9%, Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 23,5%; пайлар (ETF индекстеріне) – 16,6%; ҚР мемлекеттік облигациялары – 14,6%; АҚШ мемлекеттік облигациялары – 4,1%; МҚҰ облигациялары – 2,5%, ҚР резидент эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 2,2%. Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 73,7%, АҚШ долларымен – 26,3% инвестицияланды. Инвестициялық қызметтің нәтижесінде 2024 жылдың бірінші айында есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 11,1 млн теңге. Зейнетақы активтерінің кірістілігі – 0,29%. "BCC Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымын БЖЗҚ сайтынан көре аласыздар.
"Сентрас Секьюритиз" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері – 1,1 млрд теңге. Активтердің 33,9%-ы ҚР ҚМ МБҚ-на инвестицияланды; квазимемлекеттік ұйымдардың облигациялары – 27,5%; РЕПО – 9,2%; ҚР ЕДБ облигациялары - 8,3%, Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған акциялар мен депозитарлық қолхаттар – 8%; АҚШ мемлекеттік облигациялары - 7,6%, инвестициялық шоттардағы ақшалай қаражат – 2,7%. Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 75,2%, АҚШ долларымен 22,8%, канадалық доллармен - 1,99% инвестицияланды.
Инвестициялық қызмет және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі нәтижесінде жыл басынан бері есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 2024 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша 11,05 млн теңге болды. Зейнетақы активтерінің кірістілігі – 0,98%. "Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы қаржы құралдары инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.
2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша "Halyk Finance "Қазақстан Халық Банкі ЕҰ" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері – шамамен 20,02 млрд теңге. Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар мынадай: "кері РЕПО" (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 64,6%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 7,9%, Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 6,7%, шет мемлекеттердің МБҚ – 6,5%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 4%, өзге активтер (дебиторлық берешек, мерзімі өтіп кеткен берешек, провизиялар) - 3,8%. Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 83,3%, АҚШ долларында – 16,4%, евро валютасында – 0,3% инвестицияланды. Инвестициялық қызметтің нәтижесінде 2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша жыл басынан есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 124,2 млн теңге. Зейнетақы активтерінің кірістілігі – 0,66%. "Halyk Finance "Қазақстан Халық Банкі ЕҰ" АҚ басқаруындағы қаржы құралдары инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.
Естеріңізге салайық, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап салымшылардың міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтарының 50% аспайтын бөлігін инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) сенімгерлік басқаруына беру мүмкіндігі бар. Бұл ретте ең төменгі жеткіліктілік шегі ескерілмейді және басқарушы компанияны таңдау құқығы салымшының еркінде. Ерікті зейнетақы жинақтары бар салымшылар оларды ИПБ басқаруына 100% көлемінде бере алады.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында). |
Обзор инвестиционного портфеля
под управлением НБРК и УИП за первый месяц 2024 года
АО «ЕНПФ» (далее - ЕНПФ) представляет отчет об управлении пенсионными активами Национальным Банком Республики Казахстан (далее - НБРК) и управляющими инвестиционным портфелем (далее - УИП) на сайте enpf.kz в разделе «Показатели - Инвестиционная деятельность».
Общий объем пенсионных активов на 1 февраля 2024 года составил более 18 107,8 млрд тенге. По состоянию на 1 февраля 2024 года пенсионные активы[1] (далее - ПА) ЕНПФ, находящиеся в доверительном управлении НБРК, составили 18 073,5 млрд тенге[2]. Объем обязательных пенсионных взносов работодателя (далее - ОПВР), находящихся в доверительном управлении НБРК, - более 766,7 млн тенге.
Пенсионные активы под управлением УИП составили более 34,3 млрд тенге.
Инвестиционный портфель пенсионных активов под управлением НБРК
Основные направления инвестирования пенсионных активов НБРК на 1 февраля 2024 года выглядят следующим образом: государственные ценные бумаги Министерства финансов РК – 46,8%, облигации квазигосударственных компаний – 10%, депозиты НБРК –3,9%, облигации и депозиты банков второго уровня Республики Казахстан – 5,8%, МФО – 2%, акции и депозитарные расписки эмитентов РК – 1,9%.
Инвестиционный портфель в разрезе валют, в которые номинированы финансовые инструменты, приобретенные за счет пенсионных активов, по состоянию на 1 февраля 2024 г. выглядит так: инвестиции в национальной валюте – 68,4%, в долларах США – 31,6% портфеля пенсионных активов.
Из анализа структуры полученного дохода следует, что доходы в виде вознаграждения по ценным бумагам, в том числе по размещенным вкладам и операциям «обратное РЕПО» и от рыночной переоценки ценных бумаг, составили 93,4 млрд тенге, по активам, находящимся во внешнем управлении – порядка 64,8 млрд тенге, прочие доходы – 0,04 млрд тенге. Переоценка иностранной валюты была отрицательной и составила 45,6 млрд тенге.
За счет диверсификации инвестиционного портфеля пенсионных активов по инструментам, отраслям и валютам общий доход за январь 2024 г. является положительным.
В результате инвестиционной деятельности, а также вследствие волатильности курсов иностранных валют и изменения рыночной стоимости финансовых инструментов размер начисленного инвестиционного дохода за январь 2024 года составил порядка 112,6 млрд тенге, что превышает показатель аналогичного периода прошлого года на 70% или на 46,4 млрд тенге.
Доходность пенсионных активов ЕНПФ, распределенная на счета вкладчиков (получателей), за январь 2024 года составила 0,61%.
Напомним, что в средне- и долгосрочной перспективе обеспечивается положительная реальная (превышающая накопленную инфляцию) доходность пенсионных накоплений.
Подробная структура инвестиционного портфеля финансовых инструментов под управлением НБРК с указанием эмитентов и обзор инвестиционной деятельности размещены на официальном сайте ЕНПФ. Также на сайте enpf.kz размещена информация о стуктуре портфеля по пенсионным активам, сформированным за счет ОПВР.
Управляющие инвестиционным портфелем
Общий объем пенсионных активов, находящихся под управлением УИП, составляет более 34,3 млрд тенге.
По состоянию на 01.02.2024 г. пенсионные активы, находящиеся в доверительном управлении АО «Jusan Invest», составили более 6,3 млрд тенге.
Основные инвестиции компании: ГЦБ МФ РК – 42%, паи Exchange Traded Funds (ETF) – 21,2%, РЕПО – 12%, облигации банков второго уровня РК – 7%, ГЦБ иностранных государств – 5,1% портфеля. Отметим, что 65,75% портфеля представлено в тенге, 34,25% - в долларах США.
В результате инвестиционной деятельности, а также вследствие волатильности курсов иностранных валют и изменения рыночной стоимости финансовых инструментов размер начисленного инвестиционного дохода за первый месяц 2024 г. составил порядка 26,5 млн тенге. Доходность пенсионных активов составила 0,38%.
Подробная структура инвестиционного портфеля финансовых инструментов под управлением АО «Jusan Invest» с указанием эмитентов представлена на сайте ЕНПФ.
По состоянию на 01.02.2024 г. пенсионные активы, находящиеся в доверительном управлении АО «Halyk Global Markets», составили порядка 3,4 млрд тенге.
Основные инвестиции в структуре портфеля таковы: «обратное РЕПО» (не более 90 календарных дней) – 41%, облигации квазигосударственных организаций РК – 12,6%, облигации МФО – 7,8%, ценные бумаги, имеющие статус государственных, выпущенные центральными правительствами иностранных государств - 7,4%, облигации банков второго уровня РК – 6,4%, корпоративные облигации иностранных эмитентов – 6%. Инвестиции в национальной валюте составили 74,8% портфеля, в долларах США - 25,2%.
В результате инвестиционной деятельности, размер начисленного инвестиционного дохода с начала года по состоянию на 1 февраля 2024 г. составил порядка 12,5 млн тенге. Доходность пенсионных активов – 0,35%.
Подробная структура инвестиционного портфеля финансовых инструментов под управлением АО «Halyk Global Markets» с указанием эмитентов представлена на сайте ЕНПФ.
По состоянию на 01.02.2024 г. пенсионные активы ЕНПФ, находящиеся в доверительном управлении АО «BCC Invest», составили порядка 3,5 млрд тенге.
Основные направления инвестиций: РЕПО – 34,9 %, облигации квазигосударственных организаций Республики Казахстан – 23,5%, паи (ETF на индексы) – 16,6%, государственные облигации РК – 14,6%, государственные облигации США – 4,1%, облигации МФО – 2,5%, корпоративные облигации эмитентов-резидентов РК – 2,2%, портфеля. В инструменты в национальной валюте инвестировано 73,7% портфеля, в долларах США - 26,3%.
В результате инвестиционной деятельности за первый месяц 2024 года размер начисленного инвестиционного дохода составил 11,1 млн тенге. Доходность пенсионных активов - 0,29%.
Подробная структура инвестиционного портфеля финансовых инструментов под управлением АО «BCC Invest» с указанием эмитентов представлена на сайте ЕНПФ.
По состоянию на 01.02.2024 г. пенсионные активы ЕНПФ, находящиеся в доверительном управлении АО «Сентрас Секьюритиз», составили порядка 1,1 млрд тенге.
В ГЦБ МФ РК инвестировано 33,9% активов, в облигации квазигосударственных организаций - 27,5%, РЕПО - 9,2%, облигации БВУ РК - 8,3%, акции и депозитарные расписки, выпущенные организациями Республики Казахстан - 8%, государственные облигации США - 7,6%, денежные средства на инвестиционных счетах - 2,7%. В инструменты в национальной валюте инвестировано 75,2% портфеля, в долларах США - 22,8%, в канадских долларах - 1,99%.
В результате инвестиционной деятельности и изменения рыночной стоимости финансовых инструментов размер начисленного инвестиционного дохода по состоянию на 1 февраля 2024 г. с начала года составил 11,05 млн тенге. Доходность пенсионных активов - 0,98%.
Подробная структура инвестиционного портфеля финансовых инструментов под управлением АО «Сентрас Секьюритиз» с указанием эмитентов представлена на сайте ЕНПФ.
По состоянию на 1 февраля 2024 года пенсионные активы, находящиеся в доверительном управлении АО «ДО Народного Банка Казахстана «Halyk Finance», составили порядка 20,02 млрд тенге.
Основные инвестиции в структуре портфеля выглядят так: «обратное РЕПО» (не более 90 календарных дней) - 64,6%, паи Exchange Traded Funds (ETF) - 7,9%, облигации квазигосударственных организаций Республики Казахстан - 6,7%, ГЦБ иностранных государств – 6,5%, облигации банков второго уровня РК - 4%, прочие активы (дебиторская задолженность, просроченная задолженность, провизии) - 3,8%.
В инструменты в национальной валюте инвестировано 83,3% портфеля, в долларах США - 16,4%, в евро - 0,3%
В результате инвестиционной деятельности размер начисленного инвестиционного дохода по состоянию на 1 февраля 2024 г. с начала года составил 124,2 млн тенге. Доходность пенсионных активов - 0,66%.
Подробная структура инвестиционного портфеля финансовых инструментов под управлением АО «ДО Народного Банка Казахстана «Halyk Finance» с указанием эмитентов представлена на сайте ЕНПФ.
Напомним, что с 1 июля 2023 г. вкладчики могут передать в доверительное управление не более 50% пенсионных накоплений за счет обязательных пенсионных взносов (ОПВ) и обязательных профессиональных пенсионных взносов (ОППВ) без учета порога минимальной достаточности управляющим инвестиционным портфелем (УИП), выбрав такую компанию самостоятельно. Вкладчики, у которых есть добровольные пенсионные накопления, могут их передать их УИП в объеме 100%.
ЕНПФ создан 22 августа 2013 года на базе АО «НПФ «ГНПФ». Учредителем и акционером ЕНПФ является Правительство Республики Казахстан в лице ГУ «Комитет государственного имущества и приватизации» Министерства финансов Республики Казахстан. Доверительное управление пенсионными активами ЕНПФ осуществляет Национальный Банк Республики Казахстан. С 1 января 2016 года функции по выработке предложений по повышению эффективности управления пенсионными активами переданы Совету по управлению Национальным фондом. В соответствии с пенсионным законодательством ЕНПФ осуществляет привлечение обязательных пенсионных взносов, обязательных профессиональных пенсионных взносов, добровольных пенсионных взносов, пенсионные выплаты, индивидуальный учет пенсионных накоплений и выплат, предоставляет вкладчику (получателю) информацию о состоянии его пенсионных накоплений (подробнее на www.enpf.kz)
[1] сформированные за счет обязательных пенсионных взносов, обязательных профессиональных пенсионных взносов и добровольных пенсионных взносов
[2] без учета денег на счетах пенсионных взносов и выплат