«K-Telco» жауапкершілігі шектеулі
Серіктестігіне жер учаскесіне қауымдық
сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 18-бабының 5-1-тармақшасына және 69-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес, Мақат ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «K-Telco» ЖШС – не Мақат ауданындағы өндірістік және әлеуметтік объектілерді интернетпен қамтамасыз ету үшін арналған талшықты-оптикалық байланыс желісінің құрылысын салу және пайдалану мақсатында үшін 3,50 киллометр ұзындығы, ауданы 0,3 га жер телімдеріне шектеулі нысаналы пайдалану құқығына 15 жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау осы салаға жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Р.Ибрагимов