Балаларға жыл сайын қандай сомалар есептеледі және соңында олар қандай соманы алады? Мысалы, 2024 жылы туған балаға 18 жылдан кейін қандай сома төленеді?

Балаларға жыл сайын қандай сомалар есептеледі және соңында олар қандай соманы алады? Мысалы, 2024 жылы туған балаға 18 жылдан кейін қандай сома төленеді?

 

Жыл сайын "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы бойынша балаларға Ұлттық қор активтерінің валюталық бөлігінің инвестициялық табысының 50% мөлшері есептеледі. Есептеуді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - ҚР ҰБ) жүзеге асырады. Бұл ретте Ұлттық қор активтерінің валюталық бөлігінің табысы есепті жылдың алдындағы он сегіз жыл бойынша орташаланады. Сонымен қатар, өткен жылдардағы балаларға есептелген сомалар Ұлттық қор активтерінің құрамында АҚШ долларымен инвестициялануды жалғастырады. Нәтижесінде оларға қосымша инвестициялық кіріс есептеледі.

Осылайша, балаларға жыл сайынғы тиесілі сома Ұлттық қордың инвестициялық қызметінің нәтижелері бойынша айқындалатын болады.

БЖЗҚ инвестициялық кірістің жалпы сомасын (балалардың шоттарына есептеу үшін ҚР ҰБ есептеген) және Қазақстан азаматтары болып есептелетін барлық балалардың санын (ҚР Әділет министрлігінің деректерімен салыстыру негізінде айқындалған) негізге ала отырып, Бағдарламаға қатысушы әрбір балаға есепті жылдағы нысаналы талап сомасын есептейді.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, болашақта 18 жасқа толған әр балаға төленетін нысаналы жинақтар сомасы қандай болатынын алдын-ала нақты есептеу мүмкін емес. Ол Ұлттық қордың жинақталған активтерінің көлемімен, оның тарихи инвестициялық кірістілігі бойынша нәтижелерімен және Бағдарламаға қатысушы балалардың санымен айқындалатын болады.

 

 

Балаларға жыл сайын қандай сомалар есептеледі және соңында олар қандай соманы алады? Мысалы, 2024 жылы туған балаға 18 жылдан кейін қандай сома төленеді?
Дата публикации
16 февраля 2024