|
Қазақстан Республикасының |
"Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 24.11.2022 № 473 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) кент, ауыл, ауылдық округ әкімі (бұдан әрі – ауылдық округ әкімі);
3) "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
көрсетілетін қызметті берушіде немесе ауылдық округ әкімінде – тіркелген күні мен мемлекеттік қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген өтініштің үзбелі талоны беріледі;
портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы статус көрінеді.
Кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен қоса көрсетілген қызметті берушіге жібереді.
Осы Қағидалардың 9 және 10-тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
ҚР ӘРПК 73-бабының 3-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы әкімшілік іс бойынша алдын ала шешімге қарсылықты алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде оны беруге немесе білдіруге құқылы.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету немесе себептерін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті берушіге, лауазымды адамға беріледі.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі жоғары тұрған әкімшілік органға (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жібереді.
Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспегенде, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінуге құқылы.
Мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
|
|
"Жергілікті өкілді органдардың |
Нысан
|
|
Жергілікті өкілді органдардың |
Өтініш
Тегі: _____________________________________________________
Аты: _________________________________________________________
Әкесінің аты (бар болса) _______________________________________
Туған күні 20 ___ жылғы "____" _____________
Статусы: ______________________________________________________
Сізден ________________________ санаты бойынша
_________________________________________
(төлем түрі) санаты көрсетуді сұраймын.
Үйінің мекенжайы: _____________________________________________
Телефоны: ____________________________________________________
Банктік деректемелер:
Банктің атауы: ________________________________________
Жеке шот № _________________________________________
Шот түрі: ағымдағы _________________
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің автоматтандырылған ақпараттық жүйесінен менің (менің отбасымның) табыстарын сәйкестендіруге келісім беремін.
Әлеуметтік көмекті алуға қажетті екінші деңгейдегі банктердегі, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдардағы, "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелеріндегі банктік шоттың иесі ретінде өзім және банктік шоттарымның нөмірлері туралы дербес деректерімді жинауға келісім беремін.
Жүгінген күні 20 ___ жылғы "____" ______________
_______________________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)
|
|
"Жергілікті өкілді органдардың |
"Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау" |
||
|
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық маңызы бар аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). |
|
2 |
Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері |
1) көрсетілетін қызметті беруші; |
|
3 |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
1) құжаттардың топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге немесе ауылдық округ әкіміне тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 8 (сегіз) жұмыс күні; |
|
4 |
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны |
Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. |
|
5 |
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Тізбенің 9-тармағында көзделген негіздер бойынша дәлелді жауап көрсетілген немесе қабылданған шешім туралы хабарлама ұсынылады. |
|
6 |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Тегін көрсетіледі. |
|
7 |
Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
1) көрсетілетін қызметті берушіде немесе ауылдық округ әкімінде – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. |
|
8 |
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Көрсетілетін қызметті берушіге немесе ауылдық округ әкіміне: |
|
9 |
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі |
Мынадай: |
|
10 |
Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. |
|
|
"Жергілікті өкілді органдардың |
Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның (отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру АКТІСІ
20___ жылғы "___" ________
___________________________
(елді мекен)
________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
|
Р/с № |
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) |
Туған күні |
Өтініш берушіге туыстық қатынасы |
Жұмыспен қамтылуы (жұмыс, оқу орны) |
Жұмыспен қамтылмау себебі |
Қоғамдық жұмыстарға қатысуы, кәсіптік даярлығы (қайта даярлау, біліктілігін арттыру) немесе жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуы туралы мәліметтер |
Өмірлік қиын жағдай |
|
Жүктеу |
Еңбекке қабілетті барлығы ______________________ адам.
Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендері ____ адам.
Балалар саны: ________________________________ жоғары және орта оқу орындарында ақылы негізде оқитындар ______ адам, оқу құны жылына ______ теңге.
Отбасында Ұлы Отан соғысына қатысушылардың, Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы, ауруы салдарынан мүгедектігі бар адамдардың, Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы, ауруы салдарынан мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген адамдардың, зейнеткерлердің, 80 жастан асқан қарт адамдардың, әлеуметтік маңызы бар аурулары (қатерлі ісіктер, туберкулез, адамның иммунитет тапшылығы вирусы) бар адамдардың, мүгедектігі бар адамдардың, мүгедектігі бар балалардың болуы (көрсету немесе өзге санатты қосу керек)
______________________________________________________________
_______________________________________________________________
Тұрғын үйді ұстауға арналған шығыстар:
_______________________________________________________________
____________________________________________________________________
Отбасының табысы:
|
Р/с № |
Табысы бар отбасы мүшелерінің (оның ішінде өтініш берушінің) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) |
Табыс түрі |
Өткен тоқсандағы табыс сомасы (теңге) |
Жеке қосалқы шаруашылық (ауладағы учаске, мал мен құс), саяжай және жер учаскесі (жер үлесі) туралы мәліметтер |
|
|
тоқсанға |
орта есеппен айына |
||||
|
Жүктеу |
|||||
автокөлігінің болуы (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретін құжат, оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс)
______________________________________________________________
______________________________________________________________
қазіргі уақытта өздері тұрып жатқаннан бөлек өзге де тұрғын үйдің болуы
(оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс)
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
_____________________________________________
_____________________________________________
_____________________________________________
_____________________________________________
_____________________________________________
_____________________________________________
_____________________________________________
____________________________________________________________________
_____________________________________________
Комиссия төрағасы:
____________________________________________
Комиссия мүшелері:
__________________ ___________________
__________________ ___________________
__________________ ___________________
__________________ ___________________
(қолдары) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Жасалған актімен таныстым: ______________________________________
Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы
Тексеру жүргізуден бас тартамын ______________________ өтініш берушінің (немесе отбасы мүшелерінің бірінің)
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы, күні
_____________________________________________
(өтініш беруші тексеру жүргізуден бас тартқанда толтырылады)
|
|
"Жергілікті өкілді органдардың |
Учаскелік комиссияның № ______ қорытындысы 20__ жылғы ___ ______
Учаскелік комиссия Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына сәйкес өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек алуға өтініш берген адамның (отбасының)
__________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
өтінішін және оған қоса берілген құжаттарды қарап, ұсынылған құжаттар және өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру нәтижелерінің негізінде
__________________________________
(қажеттілігі, қажеттіліктің жоқтығы)
адамға (отбасыға) өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек ұсыну туралы қорытынды шығарады
Комиссия төрағасы: __________________ _______________________
Комиссия мүшелері: __________________ _______________________
__________________ _______________________
__________________ _______________________
__________________ _______________________
(қолдары) (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Қорытынды қоса берілген құжаттармен ___ данада
20__ жылғы "___" ___________ қабылданды
Құжаттарды қабылдаған кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің немесе уәкілетті орган қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, қолы __________