Мақат аудандық жер қатынастары, сәлет және қала құрылысы бөлімі бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы
Жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің м.а 2020 жылғы 31 қаңтары №39\НҚ
бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді.
2023 жылы бойынша Мақат аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімімен барлығы – 548 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде:
- Көрсетілетін қызметті берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 75;
- «Электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілгендер саны –27;
- Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 123;
- Электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 317 оның ішінде:
-ақпараттық жүйе арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 22;
- «Е-лицензия» арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 295.
Мақат ауданында электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің санын арттыру бойынша Мақат аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі тарапынан 2 түсінік жұмыстары және 1 онлайн брифинг өткізілді.
Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында мемлекеттік қызмет түрлерін көрсететін мемлекеттік органдардың ғимараттары ақпараттық стендтермен жабдықталған және де мүмкіндігі шектеулі адамдарға қызмет көрсету жағдайы қарастырылған.