Мақат ауданы әкімдігі бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы

Мақат ауданы әкімдігі бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы

 

Жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің м.а 2020 жылғы 31 қаңтары №39\НҚ
бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді.

2023 жылы  бойынша  жергілікті атқарушы органдармен барлығы көрсетілген – 7 224 мемлекеттік қызмет  көрсетілді. Оның ішінде:

-  Көрсетілетін қызметті берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді  қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 76;

- «Электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілгендер саны – 72;

- Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 864;

- Электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 6 212 оның ішінде: 

-«электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 981;

-ақпараттық жүйе арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 4494;

- «Е-лицензия» арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 737.

Мақат ауданы бойынша электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің санын арттыру бойынша аудандық Мақат тынысы газетіне 53 мақала жарияланып, 28 жиналыс, 4 қоғамдық кеңес отырысы, 38 әлеуметтік желіде түсінік жұмыстары және 7 онлайн жәрмеңке, 10 онлайн брифинг өткізілді. 

Мақат, Доссор кенттері мен Бәйгетөбе ауылдық округі әкімдігінде өзін-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы тұрғындарға электронды түрде 26 285. Мақат кенті (қызмет – 14 607, ЭЦҚ – 4 038), Доссор кенті (қызмет–6 251,  ЭЦҚ – 1 324),Бәйгетөбе ауылдық округі (қызмет-37, ЭЦҚ-28)  қызметтер көрсетілді. 

Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында мемлекеттік қызмет түрлерін көрсететін мемлекеттік органдардың ғимараттары ақпараттық стендтермен жабдықталған және де мүмкіндігі шектеулі адамдарға қызмет көрсету жағдайы қарастырылған.

Мақат ауданы әкімдігі бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы
Дата публикации
23 января 2024