«Мақат кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2023 жыл бойынша мемлекеттік көрсетілген қызметтері туралы
«Мақат кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39/НҚ бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне» сәйкес 6 қызмет түрін көрсетеді.
2023 жыл бойынша 82қызмет түрі көрсетілді. Оның ішінде:
-«Е-лицензия» ақпараттық жүйесі арқылы «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» қызметі-10,
-қағаз жүзінде «Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру» қызметі бойынша-16,
-«е-гов» порталы арқылы «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» қызметі бойынша-47,
-«Сауда- саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»қызметі бойынша-0,
-«Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату» қызметі бойынша-0,
-«Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту» қызметі бойынша-9.
Мақат кенті бойынша электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің санын арттыру мақсатында Мақат тынысы газетінің №8 санына «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту» тақырыбында 1 мақала жарияланды.
Сонымен қатар, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы электронды түрде 4590 тұрғынға (қызмет-4060, ЭЦҚ-530) қызмет көрсетілді.
мообслуживания.