Мен зейнетақы жинағымның жеткіліктілік шегінен асатын бөлігін неше рет ала аламын?
Естеріңізге сала кетейік, зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үйге және(немесе) емделуге пайдалану құқығына төмендегі азаматтар ие:
- белгілі бір жеткіліктілік шегінен асатын жинақтары бар салымшылар;
- зейнетақы төлемін алып жүрген зейнеткерлер – БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының қалған сомасының 50% аспайтын шекте, тек ол үшін олардың зейнетақысының жиынтық мөлшері (жасына немесе еңбек сіңірген жылдарына байланысты зейнетақыны, базалық зейнетақыны қоса алғанда) жоғалтқан табысын халықаралық стандарттарға сәйкес келетін деңгейде (кемінде 40%) алмастыруды қамтамасыз етсе;
- сақтандыру компанияларымен өмірлік аннуитеттік төлемдерді қамтамасыз ететін зейнетақы аннуитеті шарттарын жасасқан тұлғалар;
- еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнеткерлер – оларға МЗЖ есебінен қалыптастырылған өздерінің зейнетақы жинақтарының барлық сомасын пайдалануға құқық берілді.
Егер сіз осы санаттағы азаматтардың біріне жатсаңыз, зейнетақы жинақтарын шексіз рет пайдалана аласыз.