Зейнетақы жинағымның жеткіліктілік шегінен асатын бөлігін алмау туралы шешім қабылдадым. Оны инфляция «жеп» қоймай ма? Менің қаржымды басқарудың қандай мүмкіндіктері бар?

Зейнетақы жинағымның жеткіліктілік шегінен асатын бөлігін алмау туралы шешім қабылдадым. Оны инфляция «жеп» қоймай ма? Менің қаржымды басқарудың қандай мүмкіндіктері бар?  

 

Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі қаржылық тәуекелден барынша қорғалған. Қазір де Қазақстан – азаматтардың зейнетақы жинақтарының инфляциядан сақталуына мемлекет тарапынан кепілдік беретін әлемдегі жалғыз ел. Егер зейнетке шыққан кезде жинақтардың кірістілігі инфляциядан төмен болса, онда бұл айырма алушыға БЖЗҚ-дан алғашқы зейнетақы төлемін алған кезде республикалық бюджет есебінен толтырылады.

Әлеуметтік кодекстің қолданысқа енгізілуімен қатар, салымшыларға міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының 50% дейін инвестициялық портфельді (ИПБ) басқарушылардың сенімгерлік басқаруына аудару мүмкіндігі беріледі. Бұл ретте төменгі жеткіліктілік шегі ескерілмейді. Егер салымшы сақтандыру компаниясымен зейнетақы аннуитеті шартына отырған болса, онда ИПБ-ға міндетті зейнетақы жинақтары сомасының 100% дейін бере алады. Сондай-ақ, ИПБ-ға ерікті жинақтарын толық көлемде беруге болады. Осы жерде ескерте кететін бір жәйт, мемлекет зейнетақы жинақтарының міндетті түрлерінің сақталуына кепілдікті жинақтардың ҚР Ұлттық Банкінің басқаруындағы бөлігіне ғана береді. Ал жеке басқаруға берілетін зейнетақы жинақтарының сақталуына салымшы таңдаған компания жауапты болады. Зейнетақы активтерінің орташа алынған кірістілігі негізінде есептелетін кірістіліктің ең төменгі деңгейін қамтамасыз етуге дәл осы ИПБ-лар өз капиталы есебінен жауап береді.  

Егер салымшы зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына аудару туралы шешім қабылдаса, ең алдымен, нарықтағы басқарушы компаниялардың өзекті тізбесімен танысуға кеңес береміз. Олардың БЖЗҚ сайтындағы инвестициялық декларацияларын, инвестициялық қызметтеріне жасалған шолуды зерделеп, таңдауы түсіп отырған компанияның тәжірибесімен және жұмыс нәтижелерімен толығырақ танысу қажет.

 

Зейнетақы жинағымның жеткіліктілік шегінен асатын бөлігін алмау туралы шешім қабылдадым. Оны инфляция «жеп» қоймай ма? Менің қаржымды басқарудың қандай мүмкіндіктері бар?
Дата публикации
12 декабря 2023