Мақат ауданы, Доссор кенті әкімі сайлауының қорытынды хабары

 

Мақат ауданы, Доссор кенті әкімі сайлауының

қорытынды хабары


            2023 жылғы 8 қазанында Мақат ауданы, Доссор кенті  әкімінің сайлауы өтті.

            Мақат аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық   Заңының   14   бабы  9   тармақшасы,    45  бабына, 113-11 бабына  сәйкес, Мақат ауданы, Доссор кенті округі сайлауының қорытындысы туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамалары негізінде сайлау нәтижелерін белгіледі:

            Доссор кенті округі бойынша сайлаушылар тізіміне 7356 азамат енгізілді, олардың ішінде дауыс бергендер саны 3884. Жарамсыз бюллетеньдер саны 31, «Бәріне қарсымын»  белгісіне  белгі  салғандар саны  61.

            Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

            А.Г. Имашев  241

Н.Т.Исполов  1449

А.Е.Космагамбетов 2102

            Доссор кенті әкімі болып А.Космагамбетов 1983 жылы туған, «Атырау облысы Су арнасы» КМК-ң Мақат ауданы бөлімінің бастығы, Мақат ауданы, Доссор кентінің тұрғыны, өзін-өзі ұсынған кандидат сайланды.

 

 

Мақат аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Мақат ауданы, Доссор кенті әкімі сайлауының қорытынды хабары
Дата публикации
09 октября 2023