Мақат ауданының әкімі Р.Х.Ибрагимовтің 2023 жылы 15 ақпандағы Доссор кенті тұрғындарымен кездесу кезінде қойылған мәселелер бойынша жасақталған іс шаралар жоспарының ОРЫНДАЛЫСЫ
|
№ |
Мәселенің қысқаша мазмұны |
Орындалысы |
|
1. |
Доссор кентіндегі ескі нысандарды бұздырту немесе меншік иесімен арнайы жиын өткізіп, нысанның сәулет-келбетін талапқа сай келтіруді сұрайды |
Доссор кенті, көшесінде орналасқан ескі кірпіш зауытының жер телімі «Доссор кенті әкімі аппараты» ММ-нің теңгеріміне алынып, ғимаратты бұзу үшін мемлекеттік сатып алу порталына конкурс жарияланды. Нәтижесінде «» ЖШС жеңімпаз болып анықталып, мердігер мекемемен ғимаратты бұзу жұмыстары жүргізілді. Сондай ақ, Доссор кенті, Н.Құсайынов көшесінде орналасқан ескі «КазПошта» ғимараты иесіне берілген ескертіулер нәтижесінде бұзу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта Доссор кентіндегі О.Сарғұнанов атындағы орта мектебінің ескі ғимаратының қазіргі иесіне ғимаратты бұзу немесе нысанның сәулет-келбетін талапқа сәйкестендіру жөнінде ескертулер берілді.
|
|
2. |
Ынтымақ ықшам ауданына балалар ойын алаңшасын салуды сұрайды |
Доссор кенті, Ынтымақ ықшам ауданынан балалар алаңшалары мен спорт алаңшаларын және әмбебап спорттық ойын алаңы құрылысы ағымдағы жылдың маусым айында басталып, жұмыстары жүргізілуде. Ойын алаңшасының астыңғы қабатындағы қиыршық тастары (щебень) төселді, қоршау тастары (поребрик) орнатылып, төсеніш тастарының (брусчатка) жұмыстары жүргізілді. Мердігер мекеме «ГрантМастер» ЖШС. Жұмыстарды жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.
|
|
3. |
Апатты тұрғын үйлерді бұздыртуды сұрайды. |
Доссор кенті, Қ.Құдабаев көшесі, 21 және 22 үй иелерін тұрғын үймен қамту мақсатында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 6-тарауында белгіленген тәртіппен аталған үйдің жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару жұмыстары жүзеге асырылуда. Қазақстан Республикасының Жер кодесінің 84-бабына сәйкес, мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп алынған жер учаскелеріне ақшалай өтемақы немесе теңестірілген мүлік берілетін болады.
|
|
4. |
Доссор кенті, Х.Аухатов көшесіне балалар ойын алаңшасын салуды сұрайды. |
Доссор кенті Х.Аухатов көшесінен балалар ойын алаңшасын салу үшін жер таңдау, заңдастыру жұмыстары жүргізілуде. Жер телімі таңдалып, заңдастырылғанан кейін, ойын алаңшасы құрылысын салу үшін жобалық сметалық құжаттама жасақталатын болады. |
|
5. |
Доссор кенті, Н.Құсайынов көшесіне автокөлік жолын, балалар ойын алаңшасын салуды сұрайды. |
Қазіргі таңда Доссор кентінде құрылысы жүргізіліп жатқан 21 шақырым автокөлік жолдары құрылысы жобасында Н.Құсайынов көшесінде 1,1 шақырым автокөлік жолын салу қарастырылған. Сонымен қатар, Доссор кенті, Н.Құсайынов көшесінен 2023 жылы наурыз айында 0,0400 гектар ойын алаңы үшін жер учаскелері алынып заңдастырылды. Қазіргі уақытта ойын алаңын салу үшін мемлекеттік сатып алу порталына конкурс жарияланып, «ДосКерСервис» ЖШС жеңімпаз болып анықталды. Құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. |
Мақат ауданы әкімінің міндетін атқарушы Б.О.Жайкинің 2023 жылы 17 мамырдағы Бәйгетөбе ауылдық округі тұрғындарымен кездесу кезінде қойылған мәселелер бойынша жасақталған іс шаралар жоспарының ОРЫНДАЛЫСЫ
|
№ |
Мәселенің қысқаша мазмұны |
Орындалысы |
|
1. |
Бәйгетөбе ауылы бойынша жанбай тұрған көше жарық шамдарының санын анықтап баяндау. |
Бәйгетөбе ауылы бойынша көше жарық шамдарының қалыпты жұмыс істеуі зерделеніп, нәтижесінде істен шыққан 40 дана көше жарық шамы анықталды. Ағымдағы жылдың мамыр айында көше жарық шамдары толықтай қалпына келтірілді. |
|
2. |
Бәйгетөбе ауылындағы трансформаторлардың қуаттылығы мен тоқ кернеуін тексеру жөнінде «Атырау Жарық» АҚ Мақат аудандық бөлімшесіне ұсыныс енгізу, зерделеу қорытындысын баяндау. |
Бәйгетөбе ауылында орналасқан электр трансформаторларының қуаттылығы мен тоқ кернеуін қалпына келтіру жұмыстары «Атырау - Жарық» АҚ-ның Мақат аудандық бөлімшесімен жүргізілді. |
|
3. |
Бәйгетөбе ауылынан талдарға арнайы қоршау жасату бойынша тиісті жұмыстар ұйымдастыру, ұсыныс енгізу |
Ағымдағы жылдың күз айларында Бәйгетөбе ауылына 150 түп тал отырғызу үшін мемлекеттік сатып алу порталына конкурс жарияланып, нәтижесінде «ЭКО Производство организация инвалидов» ҚБ жеңіпаз болып анықталды. Жұмыстарды қараша айына дейін аяқтау жоспарланып отыр. |
|
4. |
Бәйгетөбе ауылындағы көмуді қажет ететін сордың аумағын анықтау, жоба жасақтауға ұсыныс беру |
Бәйгетөбе ауылындағы қазіргі уақытта көмуді қажет ететін сорлы жердің көлемі анықталып, 320 га жер учаскесі анықталып отыр. Жобалық сметалық құжаттама жасақтау үшін қажетті қаражат көлемі нақтыланып аудандық мәслихат сессиясына ұсыныс берілетін болады. |
Мақат ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Б.О.Жайкиннің 2023 жылы 17 мамырдағы Доссор кенті тұрғындарымен кездесу кезінде қойылған мәселелер бойынша жасақталған іс шаралар жоспарының ОРЫНДАЛЫСЫ
|
№ |
Мәселенің қысқаша мазмұны |
Орындалысы |
|
1. |
Доссор кентінен көп пәтерлі тұрғын үй салуды сұрайды |
Орындалуда. Доссор кентінен 3 қатарлы 60 пәтерлі тұрғын үй құрылысына (сыртқы инженерлік желілерсіз) жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталып, сараптама қорытындысы шықты 27.01.2021 ж. №EKZ-0009/21, құрылыс қаражаты 1067,195 млн.теңге. Жобалаушы мекеме «Атырау Эксперт Проект» ЖШС. Аталған тұрғын үйді «NCOC» компаниясының демеушілігімен салу жоспарлануда. Қазіргі уақытта «НКОК» компаниясымен конкурстық рәсімдер жүргізілуде. |
|
2. |
Доссор кентіі Н.Құсайынов көшесінен ойын алаңшасын салуды сұрайды |
Орындалуда. Доссор кенті, Н.Құсайынов көшесінен 2023 жылы наурыз айында 0,0400 гектар ойын алаңы үшін жер учаскелері алынып заңдастырылды. Қазіргі уақытта ойын алаңын салу үшін мемлекеттік сатып алу порталына конкурс жарияланып, «ДосКерСервис» ЖШС жеңімпаз болып анықталды. Құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. |
Мақат ауданының әкімі Р.Х.Ибрагимовтің 2023 жылдың 21 шілдедегі Мақат кенті тұрғындарымен кездесу кезінде қойылған мәселелер бойынша жасақталған іс шаралар жоспарының ОРЫНДАЛЫСЫ
|
№ |
Мәселенің қысқаша мазмұны |
Орындалысы |
|
1. |
Бәйгетөбе ауылының маңындағы қараусыз ғимаратты (нефтебаза) қоршатуды сұрайды
|
Ағымдағы жылдың 04 тамыз күні аудан әкімдігінде аудан әкімінің орынбасары Б.Жайкиннің төрағалығымен аудан аумағындағы қараусыз қалған ғимарат иелерімен жиын өткізілді. Жиында аудан әкімінің орынбасары Б.Жайкин ғимараттарды қоршауды және сыртқы сәулет келбетін талапқа сәйкестендіру қажеттілігі түсіндірілді. Аталған жиында Бәйгетөбе ауылындағы Нефтебаза ғимаратының иесі – қатысқан болатын. |
|
2. |
Мақат кенті Егемен көшесіне жасанды жол белгілерін орнатуды сұрайды
|
Қазіргі уақытта аталған мәселе Мақат кенті әкімдігімен зерделенуде.Мақат кенті бойынша қажетті жол белгілерін, жасанды бұдырлар орнатуға және жаяу жүргіншілер жолағын (зебра) сызуға мемлекеттік сатып алу порталына конкурс жарияланып, нәтижесімен «СемЗем Консалтинг» ЖШС-і жеңімпаз ретінде анықталған болатын. Осы жұмыстар аясында мектептердің, балабақшалардың, ойын алаңдарының тұсындағы жол учаскелеріне «Жаяу жүргінші өткелі», «Балалар», «Ең жоғарғы жылдамдықты шектеу (40)», «Жасанды бұдыр» және жаяу жүргінші өткелінің екі жағынан жасанды бұдыр қойылып, «зебра» көлденең таңбасы сызылатын болады. Жобада Мақат кенті Егемен көшесіне жасанды жол белгілерін орнату қарастырылған. |
|
3. |
Кенттегі қоқыс жәшіктері уақытылы тазалануын қадағалауды сұрайды |
Мақат кентіндегі қатты тұрмыстық қалдықтарды тазарту жұмыстарымен «Тазалық-Көгал» ЖШС мердігер мекемесі айналысады. Тазалық жұмыстары Мақат кенті әкімдігінің ұдайы бақылауында. |
|
4. |
Мақат кенті Мұнайшы газетінің 60 жылдығы көшесіне жасанды жол белгілері орнатуды сұрайды |
Қазіргі уақытта аталған мәселе Мақат кенті әкімдігімен зерделенуде.Мақат кенті бойынша қажетті жол белгілерін, жасанды бұдырлар орнатуға және жаяу жүргіншілер жолағын (зебра) сызуға мемлекеттік сатып алу порталына конкурс жарияланып, нәтижесімен «СемЗем Консалтинг» ЖШС-і жеңімпаз ретінде анықталған болатын. Қазіргі таңда жұмыстар жүргізілуде. Аталған жұмыстарды 1 ай ішінде аяқталу көзделген. Осы жұмыстар аясында мектептердің, балабақшалардың, ойын алаңдарының тұсындағы жол учаскелеріне «Жаяу жүргінші өткелі», «Балалар», «Ең жоғарғы жылдамдықты шектеу (40)», «Жасанды бұдыр» және жаяу жүргінші өткелінің екі жағынан жасанды бұдыр қойылып, «зебра» көлденең таңбасы сызылатын болады. Жобада Мақат кенті Егемен көшесіне жасанды жол белгілерін орнату қарастырылған. |
|
5. |
Мақат кентіндегі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатырған Болашақ аллеясының бұрынғы орындықтарын С.Әлиев көшесі (ауруханаға баратын бөлігіне) бойына орнатуды сұрайды |
Кент көшелеріне орындықтар қоюға, мемлекеттік сатып алу порталы бойынша ашық конкурс жарияланып, жеңімпаз анықталғанмен өз міндетін орындамауына байланысты, жозықсыз танылды. Мемлекеттік сатып алу ашық конкурсына қайта жариялау жұмыстары жүргізілуде. |
|
6. |
Мақат кенті, Болашақ ықшам ауданындағы электр жарығының жиі өшіп қалуына шағымданады. |
2023 жылы 8 тамызда «Мақат аудандық электрмен жабдықтау» бөлімшесінің қызметкерлерімен Мақат кенті, Болашақ ықшам ауданындағы тұрғын үйлерді электр тоғымен қамтамасыз етіп отырған негізгі электро трансформатор тексеру барысында ешқандай ақау анықталмады. |
|
7. |
Мақат кенті 4 ауылға жол салып беруді сұрайды
|
Мақат кентішілік 24 шақырым автокөлік жолын салу үшін жобалық сметалық құжаттама жасақталып, сараптамадан он қорытындысы алынған. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарына мердігер мекемені анықтау үшін Мемлекеттік сатып алу порталында конкурстық рәсімдер жүргізілуде. Мердігер мекеме анықталғаннан кейін тиісті жұмыстар жүргізілетін болады. |