«Мақат аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша талдамалық АНЫҚТАМА

«Мақат аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша талдамалық

АНЫҚТАМА

                                                                                                29 қыркүйек 2023 жыл

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары Мақат аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының 2023 жылғы 06 қыркүйектегі №100 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау  жүргізу туралы» бұйрығы негізінде жүргізілді.

          Талдау кезеңі: 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айы аралығы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі:                        21-30 қыркүйек аралығы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдаудың мәні:

  1. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы;
  2. Мүдделер қақтығысын реттеу;
  3. Мемлекеттік қызмет көрсету;
  4. Рұқсат беру функцияларын іске асыру;
  5. Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
  6. Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының сақталуы;
  7. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудан туындайтын өзгедемәселелер.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі:                        21-30 қыркүйек аралығы.

Талдау кезеңі: 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айы аралығы.

«Мақат аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, Атырау облысы, Мақат ауданы, Мақат кенті, С.Мұқашев көшесі 36.

  1. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы

Мақат аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітілген.  Бөлімде штат саны бойынша 4 мемлекеттік қызметкер, 3 азаматтық қызметшілер бар. Қазіргі уақытта 1  бос бас маман орны бар.

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу

Бөлімде мүдделер қақтығысы жоқ

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету

Мақат аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министірінің м.а. 16.10.2020 жылғы №539 «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы бұйрығына, Қазақстан Республикасы Еңбе және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 25.03.2021 жылғы №84 «Әлеуметтік-еңбк саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.06.2023 жылғы №284 «Мүгедектігі бар адамдарға берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышын бекіту туралы» бұйрығына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.06.2023 жылғы №286 «Мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес есту кемеістігі бар мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тулу маманының қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.06.2023 жылғы №288 «Мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшісінің қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 15.04.2022 жылғы №123 «Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына,               13 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді.

- «Тұрғын үй көмегін тағайындау»;

- «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу»

- «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау»;

- «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру»;

- «Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру және ұзарту»;

- «Мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етугеқұжаттарды ресімдеу»;

- «Мүгедектерді техникалық қосымша (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу»;

- «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу»;

- «Есту кемістігі бар мүгедектерді ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз етуге мүгедектерге құжаттарды ресімдеу»;

- «Мүгедектерді жүріп-тұрудың арнайы құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу»;

- «Мүгедектерді және мүгедек-балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу»

- «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу»

- «Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу».

2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айында 1348 мемлекеттік қызмет көрсетіліп, сыбайлас жемқорлық тәуекелділік анықталмады.

2022 жылдың 16 мамыр айынан бастап  «Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметіді көрсетіліп келеді.

ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы №158 бұйрығына сәйкес еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар берілген салық төлеушілер туралы мәліметті бөлім арқылы берілуде. Адайда аталған бұйрыққа өзгеріс енгізілмеген, яғни еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар берілген салық төлеушілер туралы мәліметті ішкі істер органы арқылы салық органына беріледі деп  көрсетілген.

 

 

Еңбекші көшіп келушілерді жұмыс берушілер үй шаруашылығында үй жұмыскерлері ретінде жұмыстарды орындауға байланысты емес еңбек қызметінің жүзеге асырған жағдайда жергілікті атқарушы орган еңбекші көшіп келушіге қолданыстағы рұқсатты кері қайтарып алуды жүзеге асыратыны түсінікті, алайда еңбекші көшіп келушілер үй шаруашылығында емес басқа  қызметтерді атқаратындығын тексеруді кім жүргізетіні ашып көрсетілмеген.

Сонымен қатар, бөлімде сот шешімінен әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматқа аудан әкімдігінің қаулысы негізінде ҚР «Неке(ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Заңа сүйене отырып,  қорғаншы тағайындау жұмыстары атқарады. Алайда бұл мемлекеттік көрсетілетін қызметтер реестріне енгізілмегендіктен жасырын қызмет болып есептеледі. сондай-ақ қорғаншы тағайындау үшін  нақты қандай құжаттарды тапсыру керектігі көрсетілмеген. 

          Бөлімнің әлеуметтік желілерінде мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақпараттар үнемі жариялануда.

          4.Рұқсат беру функцияларын іске асыру

          Мақат аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  бөлімінде рұқсат беру функциялары жоқ.

  1. Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері

          Көрсетілген мерзім ішінде, яғни 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айында бөлімге жеке және заңды тұлғалардан 9 өтініш түсіп, ҚР Заңына сәйкес жауаптары мерзімінде берілді.

  1. Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының сақталуы

          Мақат аудандық кәсіпкерлік және ауылшарушалығы бөлімінде Қазақстан Респуликасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Заңының талаптары қатаң сақталады.

          7.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудан туындайтын өзгеде мәселелер

          Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын сыни материалдар жарияланған жоқ.

          Мекеме ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы тақырыбында ақпараттық стендтер, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі орналыстырылған.

          Бөлімге келіп түскен арыз-шағымдарды тіркейтін журнал жасақталып, сенім телефоны 3-02-99 бекітілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің қорытындылары

 

І. Кіріспе

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы монитрингтің мәні: Мақат жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы туындайтын жағдайларды анықтау.
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы монитрингі жүргізілді: «Мақат аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ Атырау облысы, Мақат ауданы, Мақат кенті, С.Мұқашев көшесі 36, байланыс нөмері 8/71239/3-02-98.
  3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті жүргізу кезеңі: 21-30 қыркүйек аралығы.
  4. Бақыланатын кезең: 2023 жылғы қаңтар-қыркүйек.

ІІ. Ақпараттық – талдамалық бөлім

Мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілетірінің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындауының себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштері.

 

ІІІ. Қорытынды бөлім

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субьектілері қабылдаған сыбайлас жемқорлыққа қармы шараларды жақсарту бойынша ұсынымдар:

  1. Мемлекеттік қызмет жұмыстарын қатаң заңдылыққа сай жүргізуге;
  2. Бөлімге келіп түскен арыз-шағымдарды мерзімінде және сапалы орындау;
  3. Бөлімде Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының талаптарын сақталуын орындау.

 

 

Бөлімнің бас маманы

жауапты тұлға:                                                                      Ә.Исмагамбетова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Мақат аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша талдамалық АНЫҚТАМА
Дата публикации
29 сентября 2023