«Мақат аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша 2023 жылдың І-ші тоқсаны бойынша талдамалық АНЫҚТАМА

«Мақат аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша

2023 жылдың І-ші тоқсаны бойынша талдамалық

АНЫҚТАМА

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары Мақат аудандық экономика және қаржы  бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушысының  2023 жылғы 05 қыркүйектегі №30 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығы негізінде жүргізілді.

Талдау кезеңі: 2023 жылдың қаңтар-маусым айы аралығы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: 14-31 шілде аралығы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдаудың мәні:

  • Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы;
  • Мүдделер қақтығысын реттеу;
  • Мемлекеттік қызмет көрсету;
  • Рұқсат беру функцияларын іске асыру;
  • Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
  • Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының сақталуы;
  • Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудан туындайтын өзгеде мәселелер.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: 14-31 шілде аралығы.

Талдау кезеңі: 2023 жылдың қаңтар-маусым айы аралығы.

«Мақат аудандық экономика және қаржы бөлімі» ММ, Атырау облысы, Мақат ауданы, Мақат кенті, Қ.Сәтпаев көшесі 1 ғимараты.

  • Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы

Мақат аудандық экономика және қаржы  бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітілген. Бөлімде штат саны бойынша 5 мемлекеттік қызметкер, 4 азаматтық қызметшілер бар. Қазіргі уақытта бос лауазымдық орын жоқ.

  • Мүдделер қақтығысын реттеу

Бөлімде мүдделер қақтығысы жоқ

  • Мемлекеттік қызмет көрсету

Мақат аудандық экономика және қаржы бөлімі  Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.

- "Дипломмен ауылға» бағдарламасы шеңберінде Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері:

1) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал);

2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

Қызмет көрсету мерзімі 1) портал арқылы – 6 жұмыс күні;

2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы – 6 жұмыс күні.

 

2023 жылдың І жартыжылдығында  3 мемлекеттік қызмет көрсетіліп, сыбайлас жемқорлық тәуекелділік анықталмады.

Мемлекеттік бағдарламалар арқылы 2 дәрігер 1 мұғалімге бір жолғы көтерме жәрдем ақы берілді (345,0 мың теңге) барлығы  1 млн. 035 мың теңге  көлемінде қаржылай көмек берілді.

Бөлімнің әлеуметтік желілерінде мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақпараттар үнемі жариялануда.

  1. Рұқсат беру функцияларын іске асыру

Мақат аудандық экономика және қаржы  бөлімінде рұқсат беру функциялары жоқ.

  1. Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері

Көрсетілген мерзім ішінде, яғни 2023 жылдың І жартыжылдығында бөлімге жеке тұлғалардан 3 өтініш түсіп «Дипломмен ауылға!»  бағдарламасы бойынша қанағаттандырылды.

  1. Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының сақталуы

Мақат аудандық экономика және қаржы  бөлімінде Қазақстан Респуликасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Заңының талаптары қатаң сақталады.

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудан туындайтын өзгеде мәселелер

Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын сыни материалдар жарияланған жоқ.

Мекеме ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы тақырыбында ақпараттық стендтер, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі орналыстырылған.

Бөлімге келіп түскен арыз-шағымдарды тіркейтін журнал жасақталып, сенім телефоны 3-00-14 бекітілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің қорытындылары

І. Кіріспе

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы монитрингтің мәні: Мақат аудандық экономика және қаржы бөлімінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы туындайтын жағдайларды анықтау.
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы монитрингі жүргізілді: «Мақат аудандық экономика және қаржы бөлімі» ММ Атырау облысы, Мақат ауданы, Мақат кенті, Қ.Сәтпаев көшесі 1 ғимараты, электронды пошта: makat.makat@mail.kzбайланыс нөмері 8/71239/3-01-47, 3-00-14.
  3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті жүргізу кезеңі: 14-31 шілде аралығы.
  4. Бақыланатын кезең: 2023 жылғы І жартыжылдық

ІІ. Ақпараттық – талдамалық бөлім

Мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілетірінің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындауының себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштері.

ІІІ. Қорытынды бөлім

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субьектілері қабылдаған сыбайлас жемқорлыққа қармы шараларды жақсарту бойынша ұсынымдар:

  1. Мемлекеттік қызмет жұмыстарын қатаң заңдылыққа сай жүргізуге;
  2. Бөлімге келіп түскен арыз-шағымдарды мерзімінде және сапалы орындау;
  3. Бөлімде Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының талаптарын сақталуын орындау.

 

 

 

Аудандық экономика және қаржы

бөлімінің сектор меңгерушысы                                            А.Джангабылова

 

«Мақат аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша 2023 жылдың І-ші тоқсаны бойынша талдамалық АНЫҚТАМА
Дата публикации
20 сентября 2023