Мақат ауданы, Бәйгетөбе ауылдық округі әкімінің сайлауының қорытынды хабары

Мақат ауданы, Бәйгетөбе ауылдық округі әкімінің сайлауының

қорытынды хабары


            2023 жылғы 17 қыркүйегінде Мақат ауданы, Бәйгетөбе ауылдық округі  әкімінің сайлауы өтті.

            Мақат аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық   Заңының   14   бабы  9   тармақшасы,    44  бабының  2  тармағы, 45 бабы, 113-10 баптарына сәйкес, Мақат ауданы Байгетөбе ауылдық округі сайлауының қорытындысы туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамалары негізінде сайлау нәтижелерін белгіледі:       

            Бәйгетөбе сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1201 азамат енгізілді, олардың ішінде дауыс бергендер саны 676. Жарамсыз бюллетеньдер саны 7, «Бәріне қарсымын»  белгісіне  белгі  салғандар саны  12.

            Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

            К.Махмұтұлы 354

Г.Т.Утешова 184

А.А.Сагингалиев  119

            Бәйгетөбе ауылдық округі әкімі болып К.Махмұтұлы 1977 жылы туған, «Х.Досмухамбетов» атындағы Атырау университетінің аға оқытушысы, Мақат ауданы, Бәйгетөбе ауылдық округінің тұрғыны, өзін-өзі ұсынған кандидат сайланды.

 

 

Мақат аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

Мақат ауданы, Бәйгетөбе ауылдық округі әкімінің сайлауының қорытынды хабары
Дата публикации
18 сентября 2023