Мақат аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
2023 жылғы 30 тамыздағы
№27 қаулысына қосымша
2023 жылғы 8 қазанға тағайындалған Мақат ауданы Доссор кенті әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары
|
1. Мақат ауданы бойынша Доссор кенті әкімінің (бұдан әрі – әкімді) сайлауын тағайындау |
|
|
|
Мақат аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2023 жылғы 30 тамызға (113-1-б. 3-т.) |
|
2. Сайлау округінің шекаралары орналасқан жерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында хабар жариялау |
|
|
|
Мақат аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен 2023 жылғы 9 қыркүйектен кешіктірмей (22-б.) |
|
3. Мақат аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау Мақат аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен 2023 жылғы 9 қыркүйектен кешіктірмей (13-б. 4-т.) |
|
|
4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Мақат аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен 2023 жылғы 14 қыркүйектен кешіктірмей (17-б. 2-т.) |
|
5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Мақат ауданының әкімі Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік 2023 жылғы 14 қыркүйекке дейінгі мерзімде (23-б. 5-т.) |
|
6. Әкім болуға кандидаттар ұсыну |
|
|
|
Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен 2023 жылғы 31 тамыздан басталады және сайлау өткізілетін күнге жиырма бес күн қалғанда 2023 жылдың 12 қыркүйек күні жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады. (113-3-б. 5-т.) |
|
7. Әкім болуға кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2 бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау |
|
|
|
Мақат аудандық аумақтық сайлау комиссиясы (4-б.,113-5-б., 11-т.2-тт.)
|
|
8. Әкім болуға кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру |
|
|
|
Мақат аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Әкім болуға кандидаттың Сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап (14-б. 8-1) т., 31-б.) |
|
9. Әкім болуға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған кандидаттарға қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру |
|
|
|
Мақат аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Кандидатты қолдап қол жинауды сенім білдірілген адамдар ұйымдастырады және кандидаттың осы Конституциялық заңда, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-2-бабында және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында көзделген талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен кейін үш күннен кешіктірілмейтін мерзімде (113-4-б.) |
|
10. Әкім болуға кандидаттарды қолдап жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу |
|
|
|
Мақат аудандық аумақтық сайлау комиссиясы құжаттандыру және паспорттар мен жеке куәліктер беру жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлерін тарта отырып, қол қою парақтары тиісті сайлау комиссияларына тапсырылғаннан кейін үш күндік мерзімде (113-4-б. 8-т.)
|
|
11. Жергілікті аткарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі |
|
|
|
Әкім болуға кандидатттар, саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін) Кандидат тіркелгенге дейін (113-5-б. 2-т.) |
|
12. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну |
|
|
|
Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) Кандидат тіркелгенге дейін (113-5-б. 3-т.) |
|
13. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру |
|
|
|
Мемлекеттік кіріс органдары Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде (113-5-б. 4-т.) |
|
14. Әкім болуға кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру |
|
|
|
Мақат аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен жиырма күн бұрын 2023 жылғы 17 қыркүйекте жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады (113-5-б. 14-т.)
|
|
15. Әкім болуға кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Мақат аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей (113-5-б. 9-т.) |
|
16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру |
|
|
17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу |
|
|
|
Әкім болуға кандидаттар, олардың сенім білдірген адамдары Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі 2023 жылғы 17 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша 18:00 де басталып, 7 қазанда жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады (27-б. 2-т.) |
|
18. Әкім болуға кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Мақат аудандық аумақтық сайлау комиссиясы, Мақат ауданының әкімдігімен бірлесіп Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде (28-б. 4-т.) |
|
19. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну |
|
|
|
Мақат ауданының әкімі 2023 жылғы 18 қыркүйек дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын (24-б. 5-т.) |
|
20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиясы 2023 жылғы 23 қыркүйек дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда (26-б. 1-т.) |
|
21. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты және орны туралы хабардар ету |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиясы Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен 2023 жылғы 28 қыркүйектен кешіктірмей (18-б. 5) т., 38-б. 2-т.) |
|
22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу |
|
|
|
Мақат аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Ерте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан кемінде бір күн бұрын 2023 жылғы 5 қазаннан ерте емес және 7 қазаннан кеш емес (37-б. 3-т.) |
|
23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиясы Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда 2023 жылғы 8 қазан күні жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де (40-б. 1-т.) |
|
24. Дауыс беруді өткізу |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиясы 2023 жылғы 8 қазан күні жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін (38-б. 1-т.) |
|
25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиясы 2023 жылғы 8 қазан жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады (18-б. 8) т., 43-б.) |
|
26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпы жұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиясы Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу (43-б. 8-т.) |
|
27. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті Мақат аудандық аумақтық сайлау комиссиясына жеткізу |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиясы Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу (113-8-б. 1-т.) |
|
28. Әкім сайлауының қорытындысын белгілеу |
|
|
|
Мақат аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен 2023 жылғы 11 қазаннан кешіктірмей (113-10-б.) |
|
29. Әкімді сайлау қорытындысы туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Мақат аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2023 жылғы 15 қазан сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей (44-б.) |
|
30. Сайланған әкімді тіркеу, тиісті куәлік беру |
|
|
|
Мақат аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап 2023 жылғы 15 қазанға дейін жеті күн мерзімде
Сайланған әкімдерден 2023 жылғы 15 қазанға дейін жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкімнің мәртебесімен сыйыспайтын өз міндеттерін доғару туралы жазбаша өтініш алынғаннан кейін (45-б., 46-б. 3-т, 113-11-б. 1-т) |
Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.