Мақат ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

 

Мақат ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған

туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

 

 

          «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»  Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы  2-10 тармағына,  «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы                          14 шілдедегі №181 бұйрығына сәйкес, Мақат аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. 2023 жылғы туристерді орналастыру орындарындағы шетелдіктер үшін туристік  жарнаның мөлшерлемелері айлық есептік көрсеткіштің 0,2 (нөл бүтін оннан екі)  мөлшерінде бекітілсін.
  2. Мақат аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 5 мамырдағы №20-VIII Мақат ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік  жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №5012-06 санымен тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

 



Мақат ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы
Дата публикации
28 августа 2023