Жергілікті атқарушы органдармен 2023 жылдың 6 айында көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы қорытынды ақпарат

Жергілікті атқарушы органдармен  2023  жылдың 6 айында көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы қорытынды ақпарат

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер – жеке мемлекеттік функцияларды іске асырудың бір түрі. Ол қызмет алушылардың өтініші бойынша жекеше түрде олардың құқықтарын, бостандықтары мен қаржылы және қаржылы емес заңдылықтарға сәйкес және тұлғаларға қызмет көрсетуді іске асырады өмір сапасы болып табылады. Мемлекет алдына қойылған негізгі міндеттердің бірі –жоғары сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуге барлық халықтың бірдей қол жеткізуі.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде Қазақстан Республикасының  Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а 2020 жылғы 31 қаңтары №39\НҚ  бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес жергілікті атқарушы органдармен 57 қызмет түрі  көрсетіледі.

2023 жылдың 6 айында  барлығы  4 472, соның ішінде   «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы – 563 немесе 12,6%, мемлекеттік  орган арқылы қағаз жүзінде – 49 немесе 1,1%, электронды түрде – 3 860 немесе 86,3% қызмет көрсетілді.

2020 жылы ауданымызда «Ашық әкімдік» кеңсесі ашылды. Жобаның мақсаты-тұрғындарға жедел әрі сапалы қызмет көрсету. «Сервистік әкімдік» мемлекеттік қызмет көрсетуші мекемелерді бір жерге орталықтандыру мен азаматтарға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік беру.

Бұл жерде әр бөлімнен жауапты мамандар тұрғындар сауалына жауап береді.

Сервистік әкімшілік ішінде мамандар көмегімен қатар, тұрғындар өздігінен де өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы «Электрондық үкімет» порталынан қызмет ала алады.

Электронды үкімет порталының қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында кент, ауылдық округі әкімі аппараттарында, аудандық дербес бөлімдерде және білім беру ұйымдарында өзіне–өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс жасайды. Арнайы мамандар бекітіліп, тұрғындар қажетті  қызметтерді кедергісіз алуда.

 2023 жылдың 6 айында кент, ауылдық округ әкімі аппараттары мен бөлімдерде  өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштары арқылы барлығы 8 942 қызмет электронды түрде көрсетіліп, оның ішінде 1 803 электрондық цифрлық қолтаңба берілді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырудағы маңызды бағыттардың бірі - халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу болып табылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасының мәселелері бойынша 72 шара ұйымдастырылды, соның ішінде 18 түсіндіру жұмыстары, бұқаралық ақпарат құралдарында  29 мақала жарияланып, 2 қоғамдық кеңес, 23 әлеуметтік желілерде ақпарат орналастырылды.

Инстаграм әлеуметтік желісі арқылы  3  мемлекеттік қызмет көрсету жәрмеңкесі өткізіліп, жәрмеңкеде тұрғындарға барлық көрсетілетін қызмет заңдылықтары кеңінен түсіндіріліп, қызметтерді электронды түрде алу туралы кеңестер беріліп, жадынамалар таратылды және электронды үкімет порталы  бойынша бейнероликтер көрсетілді.

Көрсетілетін  қызметті алушыларға қолжетімді ақпарат ұсыну үшін  облыс әкімдігінің gov.kz ресми сайтында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидалары, жауапты мамандардың байланыс телефондары орналастырылды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы                          8 желтоқсандағы №78  бұйрығына және аудан әкімінің 2022 жылғы №268-ө өкіміне сәйкес 2023 жылдың 6 айында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен бірлескен 5 бақылау іс-шаралары жүргізілді.

Ішкі бақылау шарасын жүргізу кезінде, мемлекеттік көрсетілген қызметтер сапасын бақылаумен қатар, мемлекеттік органдар мамандарына әдістемелік көмектер көрсетіледі.

Жалпы, мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру бойынша жұмыстар тұрақты бақылауда.

Жергілікті атқарушы органдармен 2023 жылдың 6 айында көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы қорытынды ақпарат
Дата публикации
10 августа 2023