Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету жұмысы туралы ақпарат.
2023 жылдың 6 айындағы Мақат аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің «Техникалық инспекция саласындағы мемлекеттік көрсетілетін стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
Ағымдағы жылдың 6 айында 121 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Бөлім бойынша мемлекеттік қызметтердің 4 түрі көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы №4-3/270 бұйрығымен бекітілген «Тракторларды және олардың базасындағы жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына куәліктер беру» мемлекеттік қызметі; (22) өтініш қанағаттандырылды. өтініш қанағаттандырылды. Мемлекеттік қызметті алу кезінде бұзылған құқықтары қалпына келтірілген адамдардың саны-0, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту-0, бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны-0, мерзімдері бұзылып көрсетілген-0
Жалпы ереже бойынша өтінішті қабылдау және нәтижесін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб- порталы арқылы немесе қағаз түрінде көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі-2 (екі) жұмыс күні, тіркеу алымының мөлшері белгіленген көрсеткіштің 50 пайызын құрайды.
Өтінішті қабылдау және нәтижесін беру «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерек қоры» ақпараттық жүйесіне енгізіледі.Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 1(бір) күн, машинаға техникалық паспорт бергені үшін -50 пайыз, тіркеу үшін-25 пайыз, машинаға мемлекеттік тіркеу нөмерлік белгісін бергені үшін- 100 пайыз мемлекеттік баж төлейді.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі—2 (екі) жұмыс күні, тіркеу алымының мөлшері жеке тұлғалардан-1 айлық есептік көрсеткіш, заңды тұлғалардан- 5АЕК-ші, кепілдің тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін-0,5 АЕК-ні құрайды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб- порталы арқылы көрсетіледі.мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі- портал арқылы тікелей тұрған жері бойынша 10 (он) жұмыс күні ішінде және машинаны тіркеу пунктіне әкелген кезде 2 екі жұмыс күні ішінде, жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізуге дайын екендігі туралы жылдың басында БАҚ-та хабарлама жарияланды. Мемлекеттік қызмет заңды және жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік көрсететін қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндірме іс-шаралары.
Аудан бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша онлайн түсіндірме іс-шаралары өткізілді, бұдан басқа мемлекеттік көрсететін қызметтердың көрсеткішін арттыру мақсатында 3- мекемелерде түсіндіру жұмыстары өткізілді, тікелей эфир өткізілді, түсірілген 7- бейнеролик жасалып, инстаграм, фэйсбук әлеуметтік желілерге орналастырылды және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласы бойынша БАҚ-та 7 мақала жарияланды және 64-тен астам брошюра таратылды. Қажетті құжаттар мен оларды толтыру үлгілеріңің тізбесі бар стендтермен жабдықталған. Қызмет алушылырға қолайлы жағдайлар қамтылған.Қазіргі таңда бұл қызметтер аудан әкімдігі жанынан ашылған «Ashyk akimdik» орталығында жүзеге асырылуда. Сонымен қатар аталған мемлекеттік қызметтерге «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб- порталы арқылы өтініш беруге мүмкіндік бар.
.