Мақат ауданы Мақат кенті әкімінің сайлауының
қорытынды хабары
2023 жылғы 2 шілдедегі Мақат ауданы Мақат кенті әкімінің сайлауы өтті.
Мақат аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 14 бабы 9 тармақшасы, 4 бабының 2 тармағы, 45 бабы, 113-10 баптарына сәйкес, Мақат ауданы Мақат кенті әкімінің сайлауының қорытындысы туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамалары негізінде сайлау нәтижелерін белгіледі:
Мақат сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 7996 азамат енгізілді, олардың ішінде дауыс бергендер саны 4222. Жарамсыз бюллетеньдер саны 16, «Бәріне қарсымын» белгісіне белгі салғандар саны 45.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Ж.М.Қиыловқа 571
Е.А.Мақсотовқа 794
Б.А.Сәрсенге 2796
Мақат кентінің әкімі болып Б.А.Сәрсен 1983 жылы туған, «Мақат аудандық құрылыс бөлімі» ММ-нің басшысы, Мақат ауданы, Мақат кентінің тұрғыны, өзін-өзі ұсынған кандидат сайланды.
Мақат аудандық аумақтық сайлау комиссиясы