Мақат аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ақпараттық хабарламасы
2023 жылғы 31 мамырда Мақат аудандық аумақтық сайлау комиссиясына "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы "ҚР Конституциялық заңының 113-3-бабына сәйкес 2 шілдеге тағайындалған Мақат ауданы Мақат кенті әкімі сайлауына келесі кандидаттардың: Қиылов Жұмабай Мырзатайұлы, Мақсотов Естай Аманбайұлы, Сәрсен Болатбек Амандықұлы (өзін-өзі ұсыну тәртібімен) құжаттары ұсынылды.
Мақат аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Мақат ауданы Мақат кенті әкімдігіне сайлауға кандидаттардың "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" ҚР Конституциялық заңымен, «Мемлекеттік қызмет туралы» заңмен қойылатын талаптарға тиісті органдарға сұрау салу негізінде сәйкестігін белгілейді.
2023 жылғы 2 шілдеге тағайындалған Мақат ауданы Мақат кенті әкімдігіне сайлау жөніндегі күнтізбелік жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну 2023 жылғы 25 мамырдан бастап 2023 жылғы 6 маусым аралығындағы кезеңде (сағат 18.00-ге дейін) жүзеге асырылады.