«Еңбек жолы» республикалық конкурсына қатысыңыз!
«Еңбек жолы» конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) өткізудің мақсаты - мемлекет басшысының «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» бағдарламалық мақаласының тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету, ұрпақтар сабақтастығын сақтау, еңбек адамдары туралы оң қоғамдық пiкiр қалыптастыру және жаңа еңбек әулеттерін құру үшін кәсіпорындар мен ұйымдарда жағдайлар жасау және қазақстандықтарда Қазақстан Республикасы экономикасының дамуына елеулі үлес қосқан отандастарының жетістіктері үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу.
Конкурс мынадай номинациялар бойынша жүргізіледі:
1) «Үздік еңбек әулеті» – еңбек өтілі ең ұзақ, марапаттары ең көп ең көп санды әулет таңдалады.
Еңбек әулеті – бір ұймның бір отбасының екі және одан да көп ұрпағы болып табылатын (ерлі-зайыптылардың бірі немесе екеуі балаларымен немесе немерелерімен), қазіргі уақытта еңбек қызметін жүзеге асыратын және осы кәсіпорында жиынтық жұмыс өтілі кемінде 20 жыл болатын бір ұйымның жұмыскерлер тобы. Еңбек қызметін бәрінен бұрын бастаған еңбек әулетінің өкілі әулеттің басшысы болып танылады. Еңбек әулеті ауылдың, ауданның (қаланың, облыстың) қоғамдық өміріне белсенді қатысуға, жастарды кәсіптік бағдарлауға жәрдемдесуге, өз кәсібін насихаттауға тиіс.
2) «Өндірістің үздік жас маманы» - жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын, ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскері таңдалады;
3) «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» - кемінде 20 жыл жұмыс өтілі бар ең жоғары тиімді тәлімгер таңдалады.
Әр номинация бойынша жеңімпаздарды марапаттау үшін тиісті диплом және келесі сомалар ақшалай сертификаттар беріледі:
- 1 орын – 1 000 000 (бір миллион) теңге;
- 2 орын – 500 000 (бесжүз мың) теңге;
- 3 орын – 200 000 (екіжүз мың) теңге.
ОБЛЫСТЫҚ КОМИССИЯ конкурсқа қатысушылардың арасынан «Еңбек жолы» Конкурсының ЖЕҢІМПАЗДАРЫН АНЫҚТАЙДЫ;
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОМИССИЯ конкурстың өңірлік деңгейінің жеңімпаздарының арасынан «Еңбек жолы» Конкурсының ЖЕҢІМПАЗДАРЫН АНЫҚТАЙДЫ;
Республикалық комиссия «Еңбек жолы» конкурсының республикалық кезеңінің әр номинациясы бойынша (бірінші, екінші, үшінші орындар) жеңімпаздарды анықтайды.
Салтанатты марапаттау рәсімі ағымдағы жылғы «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамына» республикалық форумы аясында өткізіледі.
Конкурсты өткізу мерзімдері:
2023 жылғы 01 шілдеге дейінгі мерзімде - қалалық, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдері үміткерлерден өтінімдерді қабылдау;
2023 жылғы 1 тамызға дейін мерзімде - анықталған жеңімпаздарды комиссия шешімімен облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жолдау (қажетті материалдармен, бейнероликтермен, қатысушылардың презентацияларымен бірге).
Өңірлік және республикалық конкурсқа ұсынылатын құжаттар
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:
1) номинация көрсетілген, еркін нысандағы конкурсқа қатысу туралы өтінім;
2) жеке куәліктің көшірмесі;
3) номинация тақырыбы бойынша 1-2 минуттан аспайтын бейнеролик (қалауы бойынша жұмыс орны және дағдылары көрсетілген);
4) конкурсант туралы (жұмысы, отбасы, қызығатын ісі, хоббиі және т.б.) 1 минуттан аспайтын компьтерлік презентация (Microsoft Power Point форматында);
5) еңбек әулетінің әр өкілінің немесе жұмыскердің жұмыс өтілін растайтын, жұмыс беруші куәландырған еңбек кітапшасының және өзге де құжаттардың көшірмелері (жұмыс орнынан анықтама);
6) жұмыс беруші немесе кәсіподақ берген ұсынымдық хат.
Бар болса (мынадай құжаттардың көшірмелері):
мемлекеттік немесе ведомстволық наградалардың, мадақтау қағаздарының, алғыс хаттардың көшірмелері;
біліктілікті арттыру туралы куәліктер (бар болса).
Конкурсқа құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілінде ұсынылады.
_________________________
«Еңбек жолы»
конкурсын өткізу жөніндегі әдестемелік ұсынымдарға қосымша
«Еңбек жолы» конкурсы бойынша жеңімпаздарды іріктеу критерийлері
«Үздік еңбек әулеті» номинациясы бойынша:
«Өндірістің үздік жас маманы», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациялары бойынша:
Комиссия жоғарыда көрсетілген критерийлер талаптары сақталмаған жағдайда ұсынылған материалдарды қайтара алады.
Барлық ниет білдірген тұрғындарды және барлық меншік нысанындағы ұйымдардың еңбек ұжымдарын аталған конкурсқа қатысуға шақырамыз.
Толық мәлімет пен кеңес «Мақат аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімі» мемлекеттік мекемесінде, мекен-жайы: Атырауоблысы, Мақат ауданы, Мақат кенті, С.Мұқашева 36, тел.8(71239) 3-02-98, 7-91-58 нөмері арқылы хабарласып алуыңызға болады.