Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың
2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру бойынша
Елімізде ауылдық аумақтарды дамыту 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданды
Тұжырымдаманың мақсаты – ауылдық аумақтардың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін ашу, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды және олар көрсететін қызметтердің сапасын, ауылдағы өмірдің экологиялық қауіпсіздігін жақсарту арқылы ауыл халқының өмір сүру сапасы және олардың әл-аухатын арттыру үшін жағдайлар жасау.
Тұжырымдаманың мақсатына жету және жоғарыда аталған қағидтарын іске асыру үшін мынадай тәсілдер көзделген:
1.Ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамыту. Атап айтқанда, жаңа мектептер мен медициналық нысандар салу, сумен және электрмен үздіксіз жабдықтау, кең жолақты интернет және ғарыштық байланысын тарту (Интернет желісіне КЖД, Мобильді, Ұялы байланыс, цифрлық теледидар және т. б.), ауыл жолдарының сапасын жақсарту, кітапхана, клуб, музей, спорт ғимараттарын салу.
Тұрғын үй құрылысын жандандыру үшін жаңа жер учаскелеріне инженерлік коммуникацияларды жүргізу жұмыстарын жалғастыру.
Ауылдық жерлердегі қоғамдық қауіпсіздікті күшейту үшін учаскелік полиция пункттерін салу, аудан орталықтарында бейнебақылау жүйесін енгізу, ауылдарда жаяу жүргіншілер жолдары салу жұмыстарын жүргізу.
Инфрақұрылымды жаңарту мен негізгі қызметтерді қамтамасыз етудін арқасында халықтың елді мекендерден көшуін азайту, адамдардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау.
Аталған бағытта «Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асыру жалғастырылатын болады.
Бұл жоба аясында Макат ауданы бойынша 6 жоба іске асырылуда:
АӨК, ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту, сондай-ақ кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру жолымен ауыл халқы табысын арттыру бойынша нәтижелерге қол жеткізу үшін «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру көзделген.