2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Мақат аудандық мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауында кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы Мақат аудандық аумақтық сайлау комиссиясының баспа-релизі

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Парламент Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес 2023жылдың 18 ақпаны, сағат 18.00-де кандидаттарды тіркеу аяқталды.

         Мақат ауданы бойынша барлығы 36  кандидат ұсынылды, оның ішінде 35 кандидат (97,2%) тіркелді.

        22 кандидат (62,8%) өзін - өзі ұсыну тәртібімен, 13 кандидат (37,2%) саяси партиялармен ("AMANAT" - 11, "Ауыл" - 2)  ұсынылды.

Ұсынылған 1 кандидат барлық құжаттарды ұсынбауына байланысты тіркеуден бас тартылды.

Тіркелген кандидаттардың 27-і (77,1%) ерлер, 8-і (22,9%) әйелдер.

Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес кандидаттарды тіркеу туралы мәліметтер БАҚ-та жарияланды және сайлау комиссияларының makat.gov.kz интернет ресурсында орналастырылды

Барлық іс-шаралар сайлау туралы Конституциялық заңға және Күнтізбелік жоспарға сәйкес өтуде.

Мақат аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

тел. 871239 3-00-59

интернет-сайт: makat.gov .kz

tic_atr_mak@saylau.kz

2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Мақат аудандық мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауында кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы Мақат аудандық аумақтық сайлау комиссиясының баспа-релизі
Дата публикации
20 февраля 2023