Мақат ауданы бойынша шетелдіктер
үшін 2023 жылға арналған туристік
жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-10 тармағына сәйкес, «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы №787 қаулысына сәйкес, Мақат аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1) осы шешімнің Қазасқтан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді Мақат ауданы мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Аудандық мәслихат төрағасы Қ.Исмагулов
«Мақат ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы»
АНЫҚТАМА-НЕГІЗДЕМЕ
|
№ |
Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі |
Мемлекеттік органның ақпараты |
|
1 |
Нормативтік құқықтық актіні ұсынатын мемлекеттік орган |
Атырау облысы «Мақат аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
|
2 |
Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттігінің негіздемесі (нақты мақсаттары, уәждері және нормативтік құқықтық акт қабылданған актіге сілтеме) |
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2тармағының 2-10) тармақшасы; «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы №787 қаулысы |
|
3 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді ресімдеу, келісу, мемлекеттік тiркеу және олардың күшін жою қағидаларының 51-тармағының талаптары ескеріле отырып, күші жойылғаны туралы актілердің деректемелері көрсетіле отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтер |
Мәлімет жоқ |
|
4 |
Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджеттер шығыстарының көбеюін немесе түсімдерінің қысқаруын көздейме |
Мәлімет жоқ |
|
5 |
Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәліметтер |
Мәлімет жоқ |
|
6 |
Интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының жариялануы туралы мәліметтер |
Мәлімет жоқ |
|
7 |
«Құқықтық актілер туралы»2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8-тармағына (бұдан әрі – Заң ) сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің саудасына немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты нормативтік құқықтық актілер жобаларының орналастырылуы туралы мәліметтер |
Мәлімет жоқ |
|
8 |
Реттеушілік әсерді талдау жүргізу нәтижелері туралы мәліметтер (болған кезде) |
Мәлімет жоқ |
|
9 |
Заңның 19-бабына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша сараптамалық қорытындыларды ұсынбағанжеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері туралы мәліметтер |
Мәлімет жоқ |
|
10 |
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша сараптамалық қорытындыны ұсынуы (ұсынбауы) туралы мәліметтер |
Мәлімет жоқ |
|
11 |
Заңның 20-бабына сәйкес қоғамдық кеңестің нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша ұсынымдарды ұсынуы (ұсынбауы)туралы мәліметтер |
Мәлімет жоқ |
|
12 |
Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған нормативтік құқықтық актілердің жобаларын көпшілік талқылауы туралы мәліметтер |
18.01.2023ж |
Мақат аудандық кәсіпкерлік және
ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы А.Жангереева