«Мақат аудандық тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8 бабының 1,5 тармақтарына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Мақат аудандық тұрғын үй инспекциясы бөлімі (бұдан әрі - Бөлім) жанынан құрылған жұмыс тобы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізді:
«Мақат ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ, Атырау облысы, Мақат ауданы, Мақат кенті, С.Мұқашев көшесі, 36 ғимаратта орналасқан. Тел.: 8/71239/ 3-02-52;
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мына бағыттар бойынша жүзеге асты:
1) бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілеріне және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Мақат ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімінің штат саны – 5 (1 басшы, 1- бас маман, 1- инспектор маман, 1- есепші, 1- жүргізуші) адам.
31.01.2022 №1 бұйрықпен Қ.Тұрсынбаева аудандық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бөлім есепшісі жұмысынан босатылды.
01.02.2022 №2 бұйрықпен Қадимов Нұрғаділ Аманқұлұлы аудандық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бөлім есепшісі болып тағайындалды.
01.03.2022 №8 бұйрықпен Есенгалиева Гүлжан Қойшекенқызы аудандық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің инспектор маманы болып тағайындалды.
09.03.2022 №10 бұйрықпен Амандосов Аманжол Байсеуович аудандық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің автокөлік жүргізушісі болып тағайындалды.
28.04.2022 №13 бұйрықпен А.Б.Амандосов жұмыстан босатылды.
03.05.2022 №14 бұйрықпен Жанжигитов Нұрлыбек Женисович аудандық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің автокөлік жүргізушісі болып тағайындалды.
30.06.2022 №23 бұйрықпен Н.Жанжигитов жұмыстан босатылды.
2020 жылғы 23 шілде Қожас Саадат Мұратұлы аудандық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы болып тағайындалды. Бөлім қызметкерлерінің арасында мүдделер қақтығысы, теріс түсінік деректері анықталған жоқ.
Бөлімде 2022 жылдың 6 айында 23 бұйрық рәсімделді.
Бөлім өз қызметін «Тұрғын үй инспекциясы туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 514 бұйрығына сәйкес жүзеге асырады. Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.
Бөлім қызметіне қатысты әрекет етуші нормативтік құқықтық актілер қызмет барысында қолданылады.
Бөлімнің негізгі міндеттері:
- Тұрғын үй инспекциясының міндеті тұрғын үй қорын басқару саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру болып табылады.
- Тұрғын үй инспекциясының негізгі функциясы кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне тұрғын үй инспекциясының лауазымды тұлғаларының тексеру жүргізуі болып табылады.
Бөлімнің негізгі өкілеттігіне:
1) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін техникалық зерттеуді ұйымдастыру;
2) кондоминиум объектісінің тізбесін ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізудің, мерзімділігін және кезектілігін айқындау;
3) кондоминиум объектісін басқару органы ұсынған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған, тұрғын үй көмегінің қатысуымен қаржыландырылатын шығыстардың сметасын келісу;
4) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысу.
5) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау және олар туралы істерді қарау;
6) «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 42-бабының 1-1-тармағында көзделген жағдайда қызмет көрсететін ұйымды айқындау;
7) кондоминиум объектісінің үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелері өтініш жасаған кезде кондоминиум объектісін басқару жөнінде есептің бар-жоғын тексеру жатады.
Бөлім қызметкерлерінің қызметтік нұсқаулықтары мен еңбек шарттарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл үшін дербес жауаптылық белгілене отырып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ атты жадынамалар ілінген.
Бөлімде сенім телефоны ретінде 3-02-52 нөмірі бекітілген.
Аудандық тұрғын үй инспекциясы бөлімі Облыстық Энергетика және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының жұмысын ауданда орындалуын қамтамасыз етеді.
Аудандық «Мақат тынысы» газетіне 1 сенім телефоны орнатылғандығы туралы жарияланды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жағдай туғызатын сыни материалдар жарияланған жоқ.
Электронды пошта: Zhilinspekciamakat@gmail.com
Сенім телефоны: 8/71239/3-02-52