«Мақат кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

«Мақат кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

 

Мақат кенті әкімінің негізгі бағыттарының бірі – аппараттағы жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қатысты шаралар өткізу және жемқорлық пен құқықбұзушылықты туғызатын себептер мен жағдайлардың алдын алып, оларды жою, мемлекеттік қызметшілердің білімін көтеру, жемқорлыққа қарсы саясатты насихаттау, сондай-ақ, жемқорлыққа қарсы жүргізілетін шаралардың жариялылығы мен ашықтығын үйлестіру. Мұнда қоғамдағы жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру арқылы кент тұрғындарының арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу болып табылады.

 

1) Нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша:

 

          Мақат кенті әкімінің аппараты (Әрі қарай - Аппарат) өз қызметін Мақат ауданы әкімінің 2020 жылғы 16 қаңтардағы №06 қаулысымен бекітілген «Мақат кенті әкімінің аппраты туралы Ережеге» сәйкес жүзеге асырады.

          Аппарат қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар жоқ. Аппарат қызметіне қатысты әрекет етуші нормативтік құқықтық актілер қызмет барысында қолданылады.

 

2)Аппараттың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі бойынша:

 

          Мақат кенті әкімі аппаратының штат бірлігі – 12 мемлекеттік қызметшілерді, 16-азаматтық қызметшілерді құрайды. Мемлекеттік қызметшілердің жұмысқа орналасуы конкурстық тәртіппен  аудандық персоналды басқару және кадр қызметі бөлімі арқылы іске асады.

         

3) Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша:

 

2022 жылдың 1 жартыжылдығында кент әкімінің қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету және іс жүргізу, Мақат кенті әкімінің аппаратында электрондық құжатайналымның біріңғай жүйесі арқылы қабылданған кіріс құжаттар саны - 841 хат, шығыс құжаттары - 1042 хат.

          Кент әкімі 168 Өкімдер,  74 шешімдер  қабылдаған.

          Мақат кентінде бүгінгі таңда тұрғын үй құрылысын салу үшін, жер учаскесін алуға 407 тұлға кезекте тұр.                      

          Кент әкімі атына жазылған өтініштердің барлығы «ЕҚАБЖ» және                       «Е-өтініш» бағдарламаларына қатар тіркеліп отырады. Мақат кенті әкімінің атына жазылған өтініштер саны-48, заңды тұлғалардан-2 өтініш келіп  түсті. Жер мәселесі бойынша 24, әлеуметтік (бір жолғы қаржылай) көмек-10, тұрғын үймен қамтамасыз ету 0, коммуналдық сұрақтар бойынша 9, өзге де сұрақтар бойыгша 9 өтініш қабылданып, оның 34 өтініші қанағаттандырылып,  14 өтінішке түсінік жұмыстары берілді.

2)  «Мақат кенті әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілері тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен лауазымды адамдар үшін қолданыстағы заңнамамен белгіленген тыйымдарды бұзу фактілері болған жоқ.

Мақат кенті әкімі аппаратының штаттық саны 12, 3 бас маман бала күтімінде. 

Кент әкімі аппараты өз құзыреті шегінде 5 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді:

1)     "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметі - «Е-лицензия» порталында іске қосылған. «Е-лицензия» порталы ақпараттық жүйесі арқылы 10 өтініш қабылданды.

2)     "Елді   мекендер   шегінде   объектілер   салу  үшін   жер   учаскелерін    беру мемлекеттік қызметі - www.egov.kz электрондық үкімет веб-порталы ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап іске қосылды. Қабылданған өтініштер саны-6.

3)     "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу" мемлекеттік қызметі 2 этаптан тұрады. Соның ішінде 1-этапында онлайн сұранысы жоқ, геолокация ыңғайластырылмаған. 2-этапы «Е-лицензия» порталында іске қосылған.Қағаз жүзінде өтініштер түспеді.

4)     "Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы "сату" мемлекеттік қызметі іске қосылмаған. Себебі онлайн сұранысы жоқ, геолокация ыңғайластырылмаған. Қағаз жүзінде өтініштер түспеді.

5)     "Жер учаскесін алу үшін кезекке қою" мемлекеттік қызметі бойынша қабылдынғын өтініштер саны-1.

Іске қосылмай тұрған мемлекеттік қызмет түрлері Аудан әкімі аппаратының басшысына хат жолданып ескертілді.

 

4)әскери қызмет жұмыстары бойынша:

Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет жұмыстарының жүргізілуі ұйымдастырылып отыр.  2022 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнен көктемгі шақырту жұмыстары наурыз-маусым айлары жүргізіліп 51 адамға әскер қатарына шақыру қағазы таратылды. Мақат кенті бойынша - 16 адам әскер қатарына аттанды. Мақат кенті бойынша шақыру учаскесіне мүлдем келмеген азаматтармен және олардың ата-аналарымен заңды тұрғыда түсінік жұмыстары ішкі істер органдарымен бірігіп жүргізілді.

 

5)бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер:

Бұдан басқа, «Мақат кенті әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті насихаттау бағытында аудан әкімінен келіп түскен тапсырмалар орындалып жатыр. Жалпы сыбайлас жемқорлыққа қатысты мәселелер, орын алып жатқан құқық бұзушылықтар, оның себептері мен жою амалдары қамтылып, алдын ала болдырмау, себептерін жою бойынша мекемедегі қызметкерлермен тиісті жиналыстар өткізіліп, хаттамалармен жасақталған.

Сонымен қатар «Мақат кенті әкімі аппараты» ММ бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында атқарылған ағымдағы жылдың жұмыстары туралы тоқталып кетейік. Аппаратта сенім телефоны ретінде 3-04-07 нөмірі бекітілген.

2022 жылдың қаңтар айында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты насихаттау және парасаттылық идеологиясын қалыптастыру мақсатында әзірленген аудиороликтер халық көп шоғырланатын халыққа қызмет көрсету орталығы, ашық әкімдік және аудандық ауруханаларда жүргізілді.

Мақат кентінің орталығында, тұрғындар көп шоғырланатын және көлік ағымының басым бөлігі базарда және сауда орталықтарында тұрғындардың сана сезімінде сыбайлас жемқорлықтың кері салдарын қалыптастыру мақсатында ұлы ойшылдардың ұлағатты сөздері бейнеленген көрнекі өнімдер орналастырылды.

Үстіміздегі жылдың 12 мамыр күні Мақат кенті әкімі аппаратының Facebook парақшасында Мақат кенті әкімінің орынбасары А.Б.Нұрпеисовпен «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту тәртібі» тақырыбында және            9 шілде күні Мақат кенті әкімі Е.Қ.Ермагамбетовпен «Мақат кентінде атқарылған жұмыстар және бюджет қаржысының игерілуі» тақырыбында «Атырау – адалдық алаңы»  жобасы аясында тікелей эфирлер өткізілді.

Сонымен қатар, «Мақат тынысы» газетінің 14 қаңтардағы № 2 санына кент әкімі Е.Ермагамбетовтың «Мақат кентінің 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2021 жылға міндеттері туралы» тақырыбында мақаласы және 19 ақпандағы  № 7 санына сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға бағытталған «Сана тазармай – қоғам тазармайды» атты мақала жарияланды.

Мақат кенті бойынша Азаттық көшесі бойында «Бір пара екі қылмыскер», «Біз сыбайлас жемқорлықсыз әлемді қолдаймыз!» тақырыбында баннер орналастырылды.

Халықпен жұмыс жасау қызметін жетілдіру жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында, кент әкімінің аппаратында жасалған барлық жұмыстар БАҚ-на және түрлі ақпараттар мен хабарландырулар, мақалалар кент әкімі аппаратының инстаграм, фейзбук әлеуметтік желілеріне орналастырылып, қамтамасыз етілуде.

Жалпы сыбайлас жемқорлықпен күрес бағытындағы шаралар жыл бойы жалғасын таба беретін болады. 

 

 

«Мақат кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама
Дата публикации
06 января 2023