«Мақат аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

«Мақат аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

 

 «Мақат аудандық құрылыс бөлімі» ММ

«Мақат аудандық құрылыс бөлімі» ММ, Атырау облысы, Мақат ауданы, Мақат кенті, С.Мұқашев көшесі, 3а ғимаратта орналасқан.

Тел.: 8/71239/ 3-10-83.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпарат.

 Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мына бағыттар бойынша жүзеге асты:

1) бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілеріне және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Мақат аудандық құрылыс бөлімінің штат саны – 6 (1 басшы, 2 бас маман, 1 заңгер, 1 есепші-, 1 жүргізуші) адам.

          2021 жылдың 10 қыркүйек айынан бастап Сәрсен Болатбек Амандықұлы   аудандық құрылыс бөлімінің  басшысы болып тағайындалды.  

Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.

Мақат аудандық құрылыс бөлімі өз қызметін Мақат ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 05 наурыздағы №41 қаулысымен бекітілген «Мақат аудандық құрылыс бөлімі туралы Ережесіне» сәйкес жүзеге асырады. Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық т         әуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.

Бөлім қызметіне қатысты әрекет етуші нормативтік құқықтық актілер қызмет барысында қолданылады.

Аудандық құрылыс бөлімінің негізгі міндеттері:

1) бюджеттен қаржыландырылатын, аудан көлемінде жүргізілетін құрылыс жұмыстары бойынша жұмыс қажеттіліктері мен жұмыс көлемдерін, жұмыстың сапалы жүргізілуін қадағалау;

2) құрылыс жұмыстары бойынша жұмыс қажеттіліктері мен жұмыс көлемдерін, өндірістік және тұрғын үй объектілерінің жыл бойғы және болашақтағы құрылыс жұмыстарының қажеттіліктерін анықтайды;

3) кәсіпорын мен мекемелердің жобалау-сметалық құжаттамаларының дұрыстығын және сенімділігін, аудан көлеміндегі тиісті ғимараттар мен құрылғылардың құрылыс   жұмыстарын тексереді;

4) аяқталған құрылыс және объектілерді жөндеудің техникалық орындау құжаттамаларын ресімдеуге, сондай-ақ объектілерді эксплуатацияға қабылдау жұмыстарын жүргізу.

        Мақат ауданы Мақат кентіндегі 3 қатарлы 60 пәтерлі тұрғын үйдің (дақ2) құрылыс нысаны бойынша 2019 жылы 18 маусымда №21 келісім шарт жасақталып, құрылыс-монтаждау жұмыстары басталуы туралы хабарлама 05.07.2019 жылы алынып, 2020 жылы 31 желтоқсанда мердігер аталған жұмысты аяқтау керек болатын. Тұрғын үйдің құрылысын аяқтауға 2020 жылы бюджеттен қаражат бөлінбеуіне байланысты, тапсырыс беруші тарапынан 2021 жылға келісім-шарт жасақталмады. Соған байланысты, мердігер «ДанСтройБазаЛТД» ЖШС-і   2021 жылдың 18 ақпан күні «Атырау облыстық ауданаралық экономикалық сотына «Қосымша келісім жасау және соманы өндіріп алу туралы міндеттеме туралы» талап арыз жолдап, 2021 жылдың 26 сәуірінде №2301-20-002/284 талап арызды қанағаттандырусыз қалдыру туралы сот шешімі шықты. 

         2020 жылы бюджеттен қаражат бөлінбеуіне байланысты, қосымша шарт жасақталмауына орай, техникалық жағынан мемлекеттік сатып алу электронды порталы арқылы 2021 жылға келісім-шарт жасақтауға мүмкіндік болмады

          07.07.2021 жылы "Дан - Строй -БаЗа -ЛТД" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен №35 шарт "Мақат ауданы Макат кентіндегі 3 қатарлы 60 пәтерлі тұрғын үй (Дақ2)  құрылысы" шарты тікелей  шарт  тұжырымы бір дерекөздер тәсілімен шарт жасақталған болатын.

          Мақат ауданы прокуратурасының 05.10.2021 жылғы №2-0507-21-00993 заңдылықты бұзушылықты жою туралы ұсынысына сәйкес, Атырау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің  09.12.2021 жылғы №08-9/3136 шығыс хатымен мердігер «ДанСтройБазаЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және техникалық қадағалаушы "СТРОЙИНТЕГРАЦИЯ" ЖШС-гі арасында жасақталған мемлекеттік сатып алу туралы 07.07.2021 жылғы №35, 36 шарттарды бұзу туралы тапсырма берілді.

         Соған орай, «ДанСтройБазаЛТД» ЖШС-гі мен «Мақат аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі арасындағы жасақталған 07.07.2021 жылғы №35 келісі-шартты бұзу туралы мамандандырылған ауданаралық Атырау облысының экономикалық сотына  03.02.2022 жылы №06-08-06-02-14/54 шығыс хатымен талап арыз  жолданып, алдын-ала сот отырысы 14.03.2022 жылға тағайындалды.

        Техникалық қадағалаушы «Стройинтеграция» ЖШС-гі мен «Мақат аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі арасындағы жасақталған 07.07.2021 жылғы №36 келісі-шартты бұзу туралы мамандандырылған ауданаралық Атырау облысының экономикалық сотына  04.02.2022  жылы №06-08-06-02-14/55 шығыс хатымен талап арыз  жолданды.       

          24.03.2022 жылғы № 2301-22-00-2/200 іс, 18.04.2022 жылғы № 2301-22-00-2/310 іс шешімдеріне сәйкес, «Мақат аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Дан-Строй-БаЗа-ЛТД» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгі мен «Стройинтеграция» құрылушы мекемелер дирекциясы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасындағы жасақталған шарттарды бұзу туралы талап арызы  қанағаттандырудан бас тартылды.

16.05.2022 ж. ашық конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылар туралы № 7287219-ОК1 хаттаманың негізінде "Мақат ауданы Байгетөбе ауылдық округіне спорт кешені құрылысын салуға жобалық сметалық құжаттама жасақтау" лоты бойынша ашық конкурстың жеңімпазы болып  "МПК-ПРОЕКТ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі танылды.

Осы шешімге сәйкес Мақат аудандық құрылыс бөлімі және "МПК-ПРОЕКТ" ЖШС-і арасындағы " Мақат ауданы Байгетөбе ауылдық округіне спорт кешені құрылысын салуға жобалық сметалық құжаттама жасақтау"  бойынша   2022  жылы 30 мамырда  №34 (060340007375/220033/00) сомасы       4 536 000 (төрт миллион бес жүз мың отыз алты) теңгеге негізгі келісім-шарт жасақталды. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің                      06.06.2022 жылғы №ДЗГЗ-01-ДЗ/4957-И шығыс хатына сәйкес, "МПК-ПРОЕКТ" ЖШС-нің қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері мемлекеттік кірістер органдарының нақты деректеріне сәйкес келмеу фактісі анықталған.

Осыған байланысты 09.06.2022 жылы  Атырау облыстық ауданаралық экономикалық сотына "МПК-ПРОЕКТ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігін мемлекеттік сатып алу порталының жосықсыз қатысушысы деп тану, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуге енгізген соманы, өнім берушінің шарттық міндеттемелерді орындамауына байланысты, тиісті бюджеттің, мемлекеттік мекеменің кірісіне есепке алу және конкурстың екінші жеңіпазымен шарт жасақтауды міндеттеу туралы талап арыз жолданды.

2022 жылғы 17 маусымдағы Атырау облысының мамандандырылған  ауданаралық  экономикалық  сотының  судьясы А.Б.Саудабаевтың ұйғарымына сәйкес, «Мақат аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жауапкер «МПК-ПРОЕКТ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану, шарттың орындалуын қамтамасыз етуге енгізілген соманы бюджеттің кірісіне есепке алу, конкурстың екінші жеңіпазымен шарт жасақтауды міндеттеу туралы талабы, оған қоса тіркелген барлық құжаттарымен бірге талап қоюшыға қайтарылды.

30.04.2019 жылы ашық конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындыларын бекіту туралы № 3312427-ОК1 шешімінің негізінде                        "Мақат ауданы Мақат кентіндегі көп салалы спорт кешенінің құрылысы" ашық конкурстың жеңімпазы болып "ГАММА-С" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі танылды.

Осы шешімге сәйкес "Мақат аудандық құрылыс бөлімі" ММ (Тапсырыс беруші) және "ГАММА С" ЖШС (мердігер) жоғарыда көрсетілген жұмыстарды орындауға арналған 19.06.2019 ж. №23 шарт (бұдан әрі – шарт) (Шарттың және МС қорытындылар хаттамасының көшірмелері қоса беріледі) жасасты. Орындау орны - Атырау облысы, Мақат ауданы, Мақат кенті.

2019 жылғы 19 маусымдағы №23 шарттың 7.2 бөлігінде Мердігер Тапсырыс берушіге пайдалануға кепілдікті 2 жыл мерзіміне береді делінген.

Атап айтқанда жауапкер ағымдағы  жылдың 11 наурыздағы №10 шығыс хатында пандус  орнату, шатырды жөндеу, жарылған терезелерді ауыстыру, кәріз құдығын жөндеу, кіре беріс есігін қалыпқа келтіріп беру жөнінде хат жолдаған болатын. Алайда, Мердігер аталған жұмыстарды орындамады. Жауапкерке бірнеше мәрте хат жолданды. "ГАММА С" ЖШС хаттарғада, соғылған телефонғада жауап бермей отыр.  

Осыған орай, 12.07.2022 жылы Атырау облыстық ауданаралық экономикалық сотына "ГАММА -С" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне кемшіліктерді жою  жұмыстарын міндеттеп беруді туралы талап арыз жолданды.

2022 жылғы 11 тамызға сағат 15.00-ге талап қоюшы және жауапкер Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына алдын ала сот отырысына шақырылды.

Бөлім қызметкерлерінің қызметтік нұсқаулықтары мен еңбек шарттарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл үшін дербес жауаптылық белгілене отырып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

2021 жылдың 2-жартыжылдығында  өтініштер түскен жоқ.

Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ атты жадынамалар ілінген.

Бөлімде сенім телефоны ретінде 3-10-83 нөмірі бекітілген.

Аудандық құрылыс бөлімі Облыстық Құрылыс басқармасының ауданды орындалуын қамтамасыз етеді.

Аудандық «Мақат тынысы» газетіне сыбайлас жемқорлыққа  қарсы жағдай туғызатын сыни материалдар жарияланған жоқ.

 

Электронды пошта: otdelstroy85@mail.ru

Сенім телефоны: 8/71239/3-10-83

«Мақат аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама
Дата публикации
06 января 2023