«Мақат аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

«Мақат аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

 «Мақат аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Әрі қарай -Бөлім) өз қызметін аудан әкімдігінің 2017 жылғы 19 қазандағы №191 қаулысымен бекітілген, Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.

Бөлімнің қызметіне қатысты әрекет етуші нормативтік құқықтық актілер қызмет барысында қолданылады.

Бөлімнің қызметкерлерінің қызметтік нұсқаулықтары мен еңбек шарттарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауаптылық белгілене отырып, осы жөнінде тікелей міндет жүктелген.

Еңбек тәртібінде Қазақстан Респуликасы Президентінің 2015 жылғы               29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі қатаң сақталады.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі мен мерзімдері қатаң сақталуға үздіксіз міндеттелген.

Бөлімнің мемлекеттік қызметшілер штат саны 3, азаматтық қызметшілер 8. Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.

          Мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру жөнінде ағымдағы жылдың 11 наурыз айында көшпелі семинар-кеңеске Атырау облысы кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының, Ауыл шаруашылығы және ветеринариялық басқармасының инвестиция және өнімдерді қайта өндеу бөлімінің, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ  Атырау облысы бойынша филиалының өкілдері келіп, өз тараптарынан кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары туралы кеңес берді. Семинар-кеңеске аудан тұрғындары, жастары, кәсіпкерлер қатысты. Бөлімнің фейсбук, инстаграмм әлеуметтік желілерінде мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпараттар жарияланып тұрады.

Сонымен қатар, бөлімге келген аудан тұрғындарымен кәсіпкерлерге дара-дара түсінік жұмыстары жүргізіліп 285 адам қамтылды.

Мемлекеттік бағдарламалар арқылы 4 жоба мақұлданып, 44 млн. 500 мың теңге көлемінде қаржылай қолдау берілді.

2022 жылдың 1-ші жартыжылдығында 32 бұйрық қабылданған.

Техникалық инспекция саласы бойынша машиналарды жүргізу құқығына       15 куәлік берілді, жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын және мемлекеттік нөмерлік белгі беру 9 дана, берілген техникалық паспорт саны 9, мемлекеттік техникалық байқаудан өткен техника саны 16 дана, тіркеуден шыққан саны 6.

Мемлекеттік қызмет көрсету электронды алу тәртібі туралы бөлімнің фейсбук және инстаграмм әлеуметтік желілерінде 2 рет тікелей эфир жүргізіліп, 35 мәрте ақпараттар жарияланды.

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша аудандық «Мақат тынысы» газетіне 7 мақала берілді.

          Мекеме ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы тақырыбында ақпараттық стендтер, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі орналыстырылған.

          Бөлімге келіп түскен арыз-шағымдарды тіркейтін журнал жасақталып, сенім телефоны 3-02-99 бекітілген.

«Мақат аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама
Дата публикации
06 января 2023