«Мақат аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

«Мақат аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

 

«Мақат аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ, Атырау облысы, Мақат ауданы, Мақат кенті, Қ.Сәтбаев көшесі 1 үйде орналасқан. Тел: 8(71239) 3-02-77;

Мақат аудандық ішкі саясат бөлімінің штат саны –2 (1 басшы, 1 бас маман) адам, азаматтық қызметшілер саны – 3 (1 есепші, 1 әдіскер, 1 іс жүргізуші) адам.

2020 жылдың 26 ақпаннан бастап Джумагалиева Жанат Кайрулдаевна аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы.

Мақат аудандық ішкі саясат бөлімі өз қызметін Мақат ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 07 сәуірдегі №62 қаулысымен бекітілген «Мақат аудандық ішкі саясат бөлімі туралы Ережеге» сәйкес жүзеге асырады.

2016 жылдың 11 ақпанында №25 қаулысымен бекітілген «Мақат аудандық ішкі саясат бөлімінің Мақат аудандық жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Мақат аудандық жастар ресурстық орталығында штат саны –                         10 (1 басшы, 2 маман, 1 заңгер, 1 есепші, 1 инспектор, 1 еден жуушы,2 күзетші, 1 жүргізуші) адам.

2022 жылдың бірінші жартыжылдығына  2 өтініш түскен .

2022 жылдың бірінші жартыжылдығына барлығы – 1 өкім қабылданған.

Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ атты жадынамалар ілінген.

Бөлімде сенім телефоны ретінде 3-02-77 нөмірі бекітілген.

Аудандық ішкі саясат бөлімі Облыс әкімі аппараты, облыстық Ішкі саясат басқармасы, облыстық Жастар саясаты басқармасы, облыстық Дін істері басқармасы, облыс әкімі жанындағы Әйелдері істері және демографиялық саясат жөніндегі комиссия, Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы мен «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыстарының ауданда орындалуын қамтамасыз етеді.

Бөлімде аудан әкімдігі жанындағы Мемлекеттік рәміздерді қолдану мен насихаттау жөніндегі комиссия, аудан әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық саясат жөніндегі комиссия, аудан әкімі жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен қарым-қатынас жасау жөніндегі Кеңес барлығы 1 кеңес, 2 комиссия жұмыс жасайды.

Өткен жылдың бірінші жарты жылдығы бойынша «Мақат тынысы» газетіне 18 мақала жарияланды.Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын сыни материалдар жарияланған жоқ.

«Мақат аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама
Дата публикации
06 января 2023