«Мақат аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама
«Мақат аудандық тұрғын үй –коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ, Атырау облысы, Мақат ауданы, Мақат кенті, С.Мұқашев көшесі, №36 ғимаратта орналасқан.
Тел.: 8/71239/ 3-01-24
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпарат.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: 2022 жылғы 2 жарты жылдық.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мына бағыттар бойынша жүзеге асты:
1) бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілеріне және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Мақат аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің штат саны – 9 (1 басшы, 1- бас маман, 3- инспектор маман, 1- есепші, 1-заңгер, 1-экономист, 1- жүргізуші) адам.
2021 жылдың 01 сәуірінде Темірбек Іңірбай Каримоллаұлы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы болып тағайындалды.
Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.
Мақат аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі өз қызметін «Мақат аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі туралы» Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 514 бұйрығына сәйкес жүзеге асырады. Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.
Бөлім қызметіне қатысты әрекет етуші нормативтік құқықтық актілер қызмет барысында қолданылады.
Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің негізгі міндеттері:
1) коммуналдық меншікке объектілер сатып алу;
2) коммуналдық меншік күрделі жөндеудің ережелері мен нормаларын жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындау;
3) өндірістік және өндірістік емес мақсаттағы нысандарды азаматтық және коммуналдық құрылысы аяқталған нысандарды қабылдауға белгіленген тәртіппен қатысу;
4) тиісті аумақ шегінде жергілікті маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын, елді мекендердегі көшелерді дамыту жоспарлы мен бағдарламаларын әзірлеп, іске асыру;
5) автомобиль жолдары жөніндегі мемлекеттік уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасай отырып аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын, елді мекендер көшелері жолдарын басқару;
6)жолаушыларды және қолжүктерін ауданаралық тұрақты тасымалдауларды ұйымдастыру, олардың маршруттарын бекіту, оларға қызмет көрсету құқықтарына конкурстарды ұйымдастырып, өткізу және маршруттар бойынша қозғалыс кестелерін бекіту;
7) жолаушыларды және қолжүктерді ауданішілік тасымалдауды дамыту бағдарламасын жасақтау;
8) азаматтардан бұзушылықтар туралы шағымдар мен құжаттарды қабылдайды, олар
бойынша тексерулер ұйымдастырады және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шараларды қабылдайды;
Бөлім қызметкерлерінің қызметтік нұсқаулықтары мен еңбек шарттарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл үшін дербес жауаптылық белгілене отырып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
2022 жылғы 2 жартыжылдығында 71 өтініш түсті.
Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ атты жадынамалар ілінген.
Бөлімде сенім телефоны ретінде 3-01-24 нөмірі бекітілген.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 856 Қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларының» талаптарына сай тұрғын үйге мұқтаждар, яғни Мақат ауданы бойынша тұрғын үй алуға кезекте тұрған азаматтардың саны 2022 жылдың 1 қаңтарына барлығы 668 адам болған. 2022 жылдың 1 қаңтарына кезекте тұрған азаматтар саны – 747. Өткен 2021 жылмен салыстырғанда 79 адамға азайып отыр. Оларды санаттарымен бөлер болсақ:
– Ата – анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар 18 адам. (2021 жылы тұрғын үй кезегінде 18 адам).
– Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары 224 адам (2021 жылы тұрғын үй кезегінде 241 адам).
–Мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері бойынша 178 адам (2021 жылы тұрғын үй кезегінде 209 адам)
– Жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар бойынша 94 адам (2021 жылы -104).
Көп балалы отбасы бойынша 154 адам (2021 жылы -175).
Аудандық тұрғын үй –коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі Облыстық Энергетика және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының жұмыс жоспарының орындалуын қамтамасыз етеді.
Аудандық «Мақат тынысы» газетіне 1 сенім телефоны орнатылғандығы туралы жарияланды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жағдай туғызатын сыни материалдар жарияланған жоқ.
Электронды пошта: Zhkh-aftoh@mail.ru
Сенім телефоны: 8/71239/3-01-24