«Доссор кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

«Доссор кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

 

           «Доссор кенті әкімінің аппараты» ММ, Атырау облысы, Мақат ауданы, Доссор кенті, Ғ.Сүлейменова көшесі, 100 үй.  

          1) Нормативтік құқықтық актілерде  және құқықтық актілерде сыбайлас   жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

          Доссор кенті әкімінің аппараты (Әрі қарай - Аппарат) өз қызметін Мақат ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 15 қаңтардағы №05 қаулысымен бекітілген «Доссор кенті әкімінің аппараты туралы Ережеге» сәйкес жүзеге асырады.

          Аппараттың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасауға пен нормалар анықталған жоқ.

            Аппаратың қызметіне қатысты әрекет етуші нормативтік құқықтық актілер қызмет барысында қолданылады.

           2)Аппаратың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

          Аппараттың штат саны -12, техникалық персонал қызметкерлері-7.

          Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібінің Е-өтініш формалы есебі күн сайын қағаз және электрондық жүзінде тапсырылып келеді.

2022 жылдың I жарты жылдығында  Аппаратқа барлығы -38 өтініш түсті. Оның ішінде: жеке тұлғалардан түскені – 38, заңды тұлғалардан түскен жоқ.

2022 жылдың  I жарты  жылдығында қаралған барлығы 38 өтініш, оның ішінде басым көпшілігі жер учаскесін бөлу, жер және жерді пайдалану туралы – мәселелер.

2022 жылдың соңғы 6 айының қорытындысы бойынша кент әкімімен қабылданған  азаматтардың саны 2 адамды құрады, оларға заң шеңберінде түсініктер берілді.

2022 жылдың I жарты жылдығында барлығы –85 шешім, 214 - өкім қабылданған.

Аппаратта сенім телефоны ретінде  2-11-33 нөмірі бекітілген. Ғимараттың  сыртында ұсыныс-пікірлерді,  арыз-шағымдарды  қабылдау үшің орнатылған жәшік апта сайын тексеріліп тұрады, күні бүгінге дейін  ешқандай  арыз-шағым, ұсыныс-пікір түспеген.

Аппараттың ғимаратында Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ атты жадынама  ілінген.

Аппараттың қызметкерлерінің қызметтік нұсқаулықтары мен еңбек шарттарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес  жауаптылық белгілене отырып, осы жөнінде тікелей міндет жүктеліп, қосымшалар енгізілген.

Мекеме ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы тақырыбында ақпараттық стендтер, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі орналастырылған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған әлеуметтік жарнаманы кеңінен қолдану мақсатында  сыбайлас жемқорлыққа  қарсы күрес бойынша  Доссор кентінің көшелерінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты баннерлер орнатылған.

Сыбайлас жемқомқырлыққа жағдай туғызатын сыни материалдар жоқ.

«Доссор кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама
Дата публикации
06 января 2023