«Мақат аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама
«Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Әрі қарай-Бөлім) өз қызметін аудан әкімдігінің 2022 жылғы 21 сәуірдегі №80 қаулысымен бекітілген, Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.
Бөлімнің қызметіне қатысты әрекет етуші нормативтік құқықтық актілер қызмет барысында қолданылады.
Бөлімнің қызметкерлерінің қызметтік нұсқаулықтары мен еңбек шарттарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауаптылық белгілене отырып, осы жөнінде тікелей міндет жүктелген.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі мен мерзімдері қатаң сақталуға үздіксіз міндеттелген.
Бөлімнің штат саны 3 бірлік, азаматтық қызметшілер 4 бірлік. Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.
Аудан әкімінің 03.05.2022 жылғы №-78- ө өкімімен бөлім басшысының міндетін уақытша атқарушы Н.Исполов тағайындалды.
Бөлімде тұрғындар үшін қолжетімді жерде шағымдар мен ұсыныстарға арналған «жәшік» орнатылған. Күні бүгінге дейін ешқандай арыз – шағымдар, ұсыныс – пікір түскен жоқ. Сенім телефоны 3-15-11 нөмірі бекітілген. Сенім телефоны тоқсан сайын аудандық газетте жарияланады.
Еңбек тәртібінде Қазақстан Респуликасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі қатаң сақталады.
Бөлімде мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі, дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін регламенті мен стандарты стенді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жадынамалар орналастырылған.
Сыбайлас жемқорлық бойынша, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша бөлімнің қызметіне байланысты мақалалар жариялануда. Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын сыни материалдар жарияланған жоқ.
Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Заңының 35 бабы негізінде спорттық разрядтар мен санаттарын беру туралы мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Жыл басынан бері мемлекеттік қызмет көрсету бойынша өтініштер түскен жоқ.