Мақат аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бір мандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларын құру туралы

Мақат аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бір мандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларын құру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес және Мақат аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы                 28 желтоқсандағы №9 «Мақат аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы» қаулысына сәйкес Мақат аудандық  аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Мақат аудандық мәслихаттың депутаттарды сайлау бойынша тиісті бір мандатық аумақтық сайлау округтерінде 11 округтік сайлау комиссиялары құрылсын.
  2. №5 бір мандатық аумақтық сайлау округі бойынша округтік сайлау комиссиясының өкілеттігін тиісті аумақтық сайлау комиссиясы жүзеге асырады деп айқындалсын.
  3. Мақат аудандық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі бір мандаттық аумақтық сайлау округтерінің округтік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру үшін осы қаулы Мақат аудандық мәслихатына жіберілсін.
  4. Осы қаулы Мақат аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
  5. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Мақат аудандық аумақтық

сайлаукомиссиясының төрағасы                                                Р.Мақсотов

 

Мақат аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының хатшысы                                                   М.Уәли 

 

 

 

 

 

 

Мақат ауданы

2022 жылғы 29 желтоқсан

№10

 

Мақат аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бір мандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларын құру туралы
Дата публикации
30 декабря 2022