
Өмірбаян
Халенов Сабит Сүлейменұлы (29.09.1939ж) – Құрманғазы ауданында балықшы отбасында дүниеге келген. Білімі жоғары, заңгер, полиция майоры. 1960-1963ж Кеңес Армиясы қатарында, 1964-1965ж Құрманғазы аудандық халық сотында хатшы, 1965-1990ж Құрманғазы, Жылыой, Мақат аудандарының ішкі істер органдарында басшылық қызмет атқарған. Еңбек ардагері медалімен марапатталған. Ішкі Істер Министрлігінің Қарағанды жоғарғы заң мектебін 1971-1976ж бітірген. Заңдылық пен құқық тәртібін нығайту жұмысына елеулі үлес қосқаны және мінсіз қызмет үшін 5 рет мемлекеттік медальдармен марапатталған.
ҚР Ішкі Істер Министрлігінің Құрметті ардагері.
Жетістіктері:
1990-1994ж Мақат аудандық коммуналдық кәсіпорынның директоры.
1995 жылдан қоғамдық жұмыста.
2010 жылы оның есімі «Қазақ жерінің зиялы азаматтары» ғұмырнамалық жинақ кітабында (19том, 633-638 беттер) енген.
2010 жылдан Мақат аудандық соғыс және еңбек ардагерлер кеңесінің төрағасы.
2011-2018 жж «Мақат-Мейірім» аудандық қайырымдылық қорының директоры.
2011 жылғы ҚР Ардагерлер ұйымының Республикалық VI-съезінің делегаты (Астана-2011)
2011 жылғы Президент сайлауында Елбасының кандидатурасын қолдау қоғамдық штаб жұмысын басқарып, Н.Ә. Назарбаевтың «Алғысын» алған.
2011 жылы ел Тәуелсіздігінің 20-жылдығы мерекесіне Елбасының Жарлығымен мерекелік медалімен марапатталған.
2012 жылы «Қазақстан полициясының 20 жыл» медальмен марапатталған.
2012 жылы Мақат аудандық «Құрмет азаматы» атағы берілді.
Сонымен қатар 2013 жылы Халенов Сабит Мақат аудандық сотында кәсіпқой емес, Медиатор, азаматтық қоғамының қалыптасуына да үлесін қосып, Медиацияны іс жүзінде бітімгершілік мақсатында елдің берекесін арттырып, бірлігін нығайтуға жұмсауда.
2014 жылы Қазақстан Парламенті Сенаты депутаттарын сайлауында сенатор Еңсегенов Сарсенбай Құрманұлының сенімді өкілі болды.
2015 жылы Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығына орай мерекелік медальмен марапатталды.
2016 жылы «Ардагерлер ұйымы» Республикалық Қоғамдық бірлестігі Орталық Кеңесінің «Құрмет белгісімен» марапатталды.
Алишева Күлпаш Әділбекқызы 1960 жылы 29 қазанда Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келді. 1968 жылы Батыс Қазақстан теміржолына қарасты № 17 мектептің табалдырығын аттап, 1978 жылы аталған мектепті аяқтап Қырғыз Республикасы, Ош қаласындағы мемлекеттік педагогикалық институтына (ОГПИ) бастауыш сыныбының мұғалімі мамандығына оқуға түседі. Оқуын аяқтап Қаракөл қаласындағы № 5 балабақшасында тәрбиеші қызметін атқарды. 1985 – 87 жылдар аралығында Атырау облысы Мақат поселкесіндегі № 54 «Дюймовочка» балабақшасында тәрбиеші қызметін атқарды. 1987 жылдан бастап аталған балабақшаның меңгерушісі қызметін атқаруда. 1981-87 жылдары комсомол ұйымының хатшысы қызметін қоса атқарды.
Еңбек жолындағы жетістіктері:
1992 жылы Батыс Қазақстан темір жолынан Алғыс хат. 2004 жылы – Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми – педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыратын республикалық институтта өз білімін көтерді.
2007-2009 жылдар аралығында отбасы және балабақша журналына мақалалар жарияланды.
2008 жылы – Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыратын республикалық институтта өз білімін көтерді.
2010 жылы – «Дарынды балалармен жұмыс жүргізуде педагогикалық технологияларды қолдану» тақырыбындағы семинарға қатысты.
2010 жылы – «Білім сапасын бағалау және жұмыс мазмұнын жүргізу әдістемесі» тақырыбындағы білім көтеру курсынан өтті.
2011 жылы «Мектепке дейінгі ұйымдар басшыларының кәсіби дамуын басқару» тақырыбындағы білім көтеру курсынан өтті.
2012 жылы – «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АК филиалы Атырау облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында өз біліктілігін көтерді.
2012 жылы – «Повышение профессиональных навыков заведующих детских садов» тақырыбындағы тренингте білімін көтерді. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылымминистрлігінің «Құрмет Грамотасы», Астана – 2011.
Атырау облыстық білім беру басқармасының «Құрмет грамотасы» , Атырау – 2010. Мақат аудан әкімінің «Алғыс хаты», Мақат -2010. Мақат аудандық білім беру бөлімі «Үздік менеджер» - 2013. «Лидер образования» медалімен марапатталған – 2014 жыл. Мақат аудандық білім беру бөлімі «Белес» номинациясы, Мақат – 2014 . «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалы атынан «Алғыс хат» . Мақат аудандық сайлау комиссиясы «Алғыс хат» - 2015 жыл.
1.Ресей Федерациясының Сочи қаласында өткізілген «Нұр Болашақ» және «Мектепке дейінгі мекемелер одағы» заңды тұлғалар қауымдастығымен ұйымдастырылған VI Халықаралық мұғалімдер Слеті және II Халықаралық мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтарының Слетіне балаларды тәрбиелеу мен оқытудағы инновациялық формалармен және жаңа әдістерімен Атырау облысы, Мақат ауданы «№ 54 бөбекжай – балабақшасы» Кубок, Медаль және Дипломмен марапатталып, Лауреат атанды. 2015 жыл.
2015 жылы «Қазақстанның қанатты әйелдері» атты мақаласы жарық көрді.
Балабақшаның 40 жылдығына орай «Ы.Алтынсарин» төс белгісімен марапатталды. 2016 жылы Атырау облысы білім беру басқармасының «Құрмет грамотасымен» марапатталды. 2017 жылы Тынымсыз жандар аналарға ой салу «Белка в колесе подсказки для мамочки» кітабына материалы жарияланды. 2015 жылы «Өрлеу» біліктілігін арттыру ұлттық орталығы «Болашақтың бастауы – үштұғырлы тіл» тақырыбындағы облыстық ғылыми –тәжірибелік семинарда үш тілді баяндамамен қатысып Сертификат иеленді. 2017 жылы Санкт – Петербург қаласы. Халықаралық семинар практикум. «Современные аспекты финансово-экономической грамотности в дошкольном образовании» тақырыбында сертификат және дипломмен марапатталды. 2017 жылы «Парасат» медиация және құқық орталығы жеке мекемесінің «Жалпы медиация» курсынан өтіп сертификат алды. 2017 жылы Москва қаласы. Мектепке дейінгі ұйымдарының басшыларына арналған халықаралық семинар практикум. «Организация самостоятельной и совместной деятельности детей и взрослых в детском саду: новые подходы к управлению» тақырыбында біліктілігін арттыру куәлігі және дипломмен марапатталды. 2017 жылдан бастап Мақат аудандық «Аналар кеңесінің» төрайымы. Алишева Күлпаш Әділбекқызының республикалық журналы «Отбасы және балабақша», «Атырау», «Мақат тынысы» атты жергілікті газеттерге бала тәрбиесіне байланысты қалам тартқан мақалалары мен шығармашылық жұмыстары жарияланып тұрады.
Ишангалиев Шаяхмет Боханұлы 1952 жылы 25 наурызда Гурьев облысы, Ембі ауданы, Қосшағыл елді мекенде дүниеге келген. 1980 жылдан бастап Мақат пайдалану депосында машинист-көмекші болып еңбек жолын бастап, 40 жыл теміржолшы болып еңбек етіп зейнеткерлікке қалған. Зейнеткерлікке қалған соң қоғамдық жұмыстарға белсене араласып келеді. 2015 жылдан бастап Мақат кенті жанынан Қоғамдық келісім кеңесінің өкілі. 2019 жылы Мақат аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы болып сайланды.
Мақат кентінде «Демеу» қайырымдылық дүкенін ашылуына мұрындық болған, кенттегі әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қажетті деген киім-кешектер мен тұрмыстық бұйымдарды табыстап көмек көрсетіп келеді.
2020 жылы Мақтаралдағы орын алған су тасқынынан зардап шеккендерге ауданның волонтерларымен бірлесе азық-түлік, киім және қаржылай көмек көрсетті.
Еңбек жолындағы жетістіктері:
2012 ж. – Мақат пайдалану депосының Алғыс хаты;
2015 ж. – Мақат пайдалану депосының Алғыс хаты;
2015 ж. – Мақат пайдалану депосына 50 жылдық медалі;
2016 ж. – Тәуелсіздікке қосқан үлесі үшін медалі;
2017 ж. – Мақат ауданы әкімінің Алғыс хаты;