Аудан әкімдігінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №259 «Мақат
ауданы бойынша аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының
тізбесін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер
енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 37-бабын, «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 7-тармағына, 6-бабының 2- тармағын, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 26-бабын басшылыққа алып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
бойынша аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2781 санымен тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:
Аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Мақат ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Аудан әкімі Р.Ибрагимов
Аудан әкімдігінің
2022 жылғы «____» ___________
№ _____ қаулысына қосымша
Аудан әкімдігінің
2013 жылғы «18» қыркүйек
№ 259 қаулысымен бекітілген
Атырау облысының Мақат ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдалымдағы автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері
|
№ р/с |
Автомобиль жолының индексі |
Автомобиль жолының атауы |
Жалпы ұзындығы, шақырым |
|
1 |
KЕ-41 |
Мақат-Бәйгетөбе автомобиль жолы |
6,6 |
|
2 |
KЕ-42 |
Доссор кентіне кірме жолы |
3,4 |
|
3 |
KЕ-43 |
Ескене бекетіне кірме жолы |
6,87 |
|
4 |
KЕ-44 |
441 разъезіне кірме жолы |
1,1 |
|
5 |
KЕ-45 |
469 разъезіне кірме жолы |
5,7 |
|
6 |
KЕ-46 |
402 ПМС бекетіне кірме жолы |
2,5 |
|
БАРЛЫҒЫ: |
26,17 |
||