«Мақат аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8)-тармақшасына, 124-бабына, «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №590 қаулысына сәйкес, Мақат ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2) осы қаулыны Мақат ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырсын;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қолдансын.
|
Мақат ауданының әкімі |
|
Р.Ибрагимов |
Мақат ауданы әкімдігінің
2022 жылғы «19» сәуірдегі
№74 қаулысымен бекітілген
«Мақат аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
1.Жалпы ережелер
«Мақат аудандық ішкі саясат бөлімінің «Мақат аудандық жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Егер Мемлекеттік мекемеге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
1) Қоғамның демократиялық институттарын нығайтуға қатысу, Қазақстанның Стратегиялық дамуының негізгі басымдылықтарын, Қазақстан халқына Мемлекет Басшысының жыл сайынғы Жолдауын насихаттау мен түсіндіру;
2) әлеуметтік-экономикалық, мәдени және қоғамдық-саяси салалардағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарын іске асыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;
3) ауданда мемлекеттік ақпараттық саясатты тиімді іске асыруды қамтамасыз ету, соның ішінде мемлекеттік тапсырысты орындау бойынша БАҚ қызметін үйлестіру және әдістемелік қолдау, заңнаманы сақтауға БАҚ қызметіне мониторинг жүргізу.
1) Құқықтары:
Аудан әкімдігі мәжілісіне ауданның ішкі саяси мәселері бойынша құжаттарды дайындауға араласу;
Ішкі саясат жүйесі мен ұлтаралық қатынастар, Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты белгілейтін тұжырымдарды, бағдарламаларды дайындауға және жүзеге асыруға қатысу;
Ақпараттық мәліметтер базасын (компьютерлік, мәтіндік) әзірлеу, жинақтау, қорыту және жіктеу жұмыстарын жүзеге асыру;
Саяси партиялармен, ұлттық-мәдени бірлестіктермен, адам құқығын қорғау, діни және өзге де қоғамдық ұйымдармен байланысты істерді жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасы Заңнамасында қарастырылған өзге де құқықтарды жүзеге асырады.
2) Міндеттері:
Ішкі саяси процестерді мемлекеттік тұрғыдан реттеп отыруға қатысу, аудандағы қоғамдық саяси ахуалды, саяси партиялар мен басқа да қоғамдық бірлестіктердің қызметін талдау мен болжауды, мониторинг жүргізуді ұйымдастыру, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге, қоғамды топтастыруға бағытталған ұсынымдар беріп, жұмыстарды ұйымдастыру және қазақстандық патриотизмді насихаттау мен тәрбиелеуді жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмаларының, облыс, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, тапсырмаларының орындалуына бақылау жасау;
Тұжырымдамалық құжаттарды әзірлеуге қатысады, бөлім құзырына жататын мәселелер бойынша қабылданатын аудан әкімінің шешімдері, өкімдері жобаларын дайындайды және сараптама жүргізу;
Ауданда қоғамдық – саяси және экономикалық саладағы билік органдарының қызметі туралы ақпарат тарату жүйесін жетілдіру жөніндегі әкімдік жұмысына қатысу;
Бөлім құзырына жататын мәселелер бойынша кенттік әкімдіктермен қызметтерін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді және жұмысын үйлестіру;
Республикалық, облыстық және жергілікті деңгейде өтетін қоғамдық – саяси, мәдени шараларды саяси жағынан қамтамасыз етеу;
Мемлекеттің ішкі саяси мәселелері бойынша, кент, ауылдық округ әкімдерінің, аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының қызметі мен ақпараттық – насихаттық жұмыстарының жүру барысын үйлестіру және бақылау.
15.Функциялары:
1) мемлекеттік саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттік дербестікті қалыптастыру, қоғамдық қозғалысты, демократияландыруды қалыптастыруға қатысу;
2) аудан көлемінде мемлекеттік органдармен лауазым иелерінің ішкі саясаттың орындалуына бақылау жасау;
3) 2030 жылға дейінгі Қазақстанның даму Стратегиясының негіздерін түсіндіру және насихаттау, қоғамдық демократияландыру институттарын нығайтуға қатысу;
4) мемлекеттік ішкі саясатты, қоғамдық саяси саладағы жұмыстарды жүзеге асырудағы Қазақстан Республикасындағы Заңдылықтарды жүйелендіру жұмыстарымен насихаттау шараларын жүзеге асыру;
5) азаматтық бостандықты сақтау негізінде, Қазақстанның көп жылдарға өсу- өркендеуі туралы концептуалдық негіздегі және тәжірибелік нұсқама негізінде ішкі саясат саласындағы, сондай-ақ қоғамды қалыптастыру туралы негіздеме дайындау;
6) аумақтағы қоғамдық-саяси процесі мен тағылымының өсуін жан-жақты
объективті оқып талдау;
7) мемлекеттік ақпарат саясатын аймақта тарату деңгейі, мемлекеттік
тапсырысты орындаудағы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының
қызметін үйлестіру;
8) аумақтағы қоғамдық-саяси жағдай жөнінде әлеуметтік–саяси зерттеу
жүргізу;
9) отандық өрлеу, өркендеу саласының көп жылдық саяси мемлекеттік жастар және әйелдер істері және отбасылық – демографиялық саясатын жүзеге асыруға жұмыстану;
10) мерзімді жергілікті баспасөзге жаздыруды ұйымдастыру;
11) қажеттілігіне орай аудан әкімінің құттықтау және аудан көлемінде басқа да ақпараттарды (некролог, жедел хабарламалар) жергілікті, облыстық баспа беттеріне жариялауды ұйымдастыру;
12) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 489-1 бабында, 490 бабында, 418 баптың 1-1 бөлігінде көзделген құқық бұзушылықтарды анықтау, сондай-ақ әкімшілік хаттамалар толтыру.
- бөлімнің жұмыстарын ұйымдастырады және басшылық етеді, бөлімге берілген тапсырмаларды дербес жауапкершілікпен орындайды, олардың функцияларын атқарады, бұйрық шығарады;
- Заңнамаға сәйкес бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
- бөлім қызметкерлерінің функционалдық өкілеттіктерін және міндеттерін анықтайды;
- белгіленген заңға сәйкес бөлім қызметкерлеріне тәртіптік шаралар қолданады;
- құжаттарға бөлім басшысы ретінде қол қояды;
- тұрғындарды жеке қабылдауды ұйымдастырады;
- мемлекеттік органдарда, басқа ұйымдарда бөлімнің мүддесін білдіреді;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады.
Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.