ХАБАРЛАМА!
"Мақат аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 бұйрығының 9- тармағының талаптарына сәйкес, әлеуметтік көмек және (немесе) бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау ретінде тұрғын үй сертификаттарына ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап, жергілікті бюджеттен қаражат қарастырылғандығын хабарлайды.
Тұрғын үй сертификаты әлеуметтік көмек ретінде өтініш берушіде және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінде (жұбайы (зайыбы), кәмелетке толмаған балалары) отбасының әрбір мүшесіне (зайыбына (жұбайына), кәмелетке толмаған балалардан, оның ішінде негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын балалардан аспайтын еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен (зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығын және өзге де міндетті аударымдарды есепке алмағанда), техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары, олар кәмелетке толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) ағымдағы қаржы жылына заңнамада белгіленген айына ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 көрсеткішінен аспайтын соңғы 6 (алты) ай ішінде еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен (зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығын және өзге де міндетті аударымдарды қоспағанда) орташа табысы болған жағдайда беріледі.
Орташа табыс бойынша соңғы 6 (алты) ай ішінде белгіленген шектен асып кеткен жағдайда отбасының әрбір мүшесіне (зайыбына (жұбайына), кәмелетке толмаған балаларына) бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау ретінде тұрғын үй сертификаты беріледі.
|
|
Тұрғын үй сертификаттарын |
||
|
"Тұрғын үй сертификаттарын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты |
|||
|
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) |
|
|
2 |
Мемлекеттік кызмет көрсету тәсілдері |
1) Мемлекеттік корпорация; 2) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің кеңсесі. |
|
|
3 |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
1) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде - 4 (төрт) жұмыс күні ішінде; 2) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезінде - 3 (үш) жұмыс күні. |
|
|
4 |
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны |
Қағаз түрінде |
|
|
5 |
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Түрін, сомасын көрсете отырып, тұрғын үй сертификатын беруді мақұлдау туралы шешім немесе Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген негіздер бойынша дәлелді бас тарту. |
|
|
6 |
Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтер көрсеткені үшін алынатын төлем мөлшері және оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жинау тәсілдері |
Тегін |
|
|
7 |
Жұмыс кестесі |
1) қызмет көрсетушілер - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Құжаттарды қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз құжаттардың түсуіне қарай көрсетіледі. 2) Мемлекеттік корпорация - Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет жеделдетіп қызмет көрсетусіз "электрондық" кезек тәртібімен көрсетіледі, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық кезекті броньдауға болады. |
|
|
8 |
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; 2) өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің (зайыбының (жұбайының), кәмелетке толмаған балаларының) жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқасы тұлғаны сәйкестендіру үшін беріледі); 3) соңғы 6 (алты) ай ішіндегі еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен табысы туралы анықтама (барлық отбасы мүшелеріне (зайыбына (жұбайына), кәмелетке толмаған балаларына)); 4) осы Қағидалардың 5-тармағында айқындалған халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының санаттарын қоспағанда жұмыс орнынан анықтама; 5) қарыз сомасы, бастапқы жарнаның мөлшері және ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша ай сайынғы төлемнің сомасы туралы мәліметтерді қамтитын, өтініш берушіге бастапқы тұрғын үй сатып алу үшін ипотекалық тұрғын үй қарызын беруді мақұлдау туралы ЕДБ-нің хатын қоса бере отырып жүгінуі тиіс. |
|
|
9 |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың негіздері |
1) құжаттардың толық емес топтамасын ұсыну; 2) өтініш берушінің анық емес деректерді (мәліметтерді) ұсынуы; 3) осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі. |
|
|
10 |
Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін есепке алғанда өзге де талаптар |
Заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне-өзі қызмет көрсету, өз бетінше жүріп-тұру, бағдарлану, қабілетін толық немесе ішінара жоғалту мүмкіндігі бар көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация жұмыскері 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы өтініш жасау арқылы тұрғылықты жеріне барып жүргізеді. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8-800-080-7777 арқылы алуға мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің және сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның интернет-ресурстарында: www.kds.miid.gov.kz орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414 |
|